jasqazaq.kz

Шымкентте «Пайызсыз баспана» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

04 қазан 2024, 10:09

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен қаржы пирамидасын құру және оған басшылық етумен «Пайызсыз Баспана» тұрғын үй ұйымының басшысы мен қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, олар Шымкент, Алматы, Астана қалаларында 2019-2021 жылдары аралығында «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы салымшы тартып, төмен бағамен баспана әперуге уәде берген.
Бірақ салымшылардың қаражатына өздерінің қажеттілігі үшін автокөлік пен жылжымайтын мүліктер алғандары анықталды. 134 жәбірленушіге 171 млн теңгеден астам көлемде залал келтірілген.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?