Оңтүстік Қазақстан облысында мешітке келушілердің бірі өзіне дәл Алла үйінде қол салмақ болды деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиғаға 26 қаңтар күні Сайрамдағы мешіттердің бірінде болған.
Жергілікті молда Тұрсынходжи Ханходжаевтың мәліметінше, ол мешіттің кішкене бөлмелерінің бірінен мойны мен қолы қанға боялған адамды көріп қалған.
Имам зардап шеккен адамды үйіне қайтармақшы болады, алайда ер адам үйіне қайтудың орнына газ жүріп тұрған құбыршекті жұлып алып, газды өзіне бағыттап, жағып жіберген.
Абдырап қалған егде жастағы молда өртеніп жатқан ер адамның үстінен отты өшіріп, полиция мен жедел жәрдем және өрт сөндірушілерді шақырған.
«Оның үстіндегінің барлығы жана бастады. Күртесі, қолдары, беті тіпті көрінбей қалды. Мен абдырап қалдым, оның үстіндегі өртті өшіруге кірістім, өзге адамдарды көмекке шақырдым. Сосын жедел жәрдем мен полицияны шақырдым. Олар келгенше ер адаммен сөйлестім, мен оның мұндай әрекетке не себепті барғанын сұрадым, ол елдің назарын өзіне аудартқысы келгенін айтты. Ол мешітке бұрыннан бері келіп жүр, ішімдікке әуес, отбасында қиындықтар болған», — дейді молда.