jasqazaq.kz

Шымкентте биыл 8 су арнасы жөнделіп жатыр

08 тамыз 2023, 9:56

Шымкентте ауылшаруашылық өнімдерін өсіруде су арналарының орны орасан зор. Мәселен, қала маңындағы Сайрам шағынауданында халықтың негізгі күн көрісі осы ауылшарушылық өсімдіктерін жетілдіру. Екі жылдан бері шаруалар жергілікті билікке диқаншылық үшін судың жетікіліксіз екенін айтып шағымданып келеді.

–Біз қаладағы шаруаларға су тапшылығын болдырмау үшін суды аса қажет етпейтін өсімдік өсіруге кеңес беріп келеміз. Қазір шаһар айналасындағы каналдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, тереңдігі таяздалып, жағасы опырылған каналдардың суы шаруаларға жетем дегенше жерге сіңіп жоқ болуда. Мұндай олқылықты болдырмау үшін жөнделіп жатқан су арналары терең қазылып, арнасы кеңейіп, бетон жабындысы құйылып жатыр. Нәтижесінде, келген су да жерге сіңбей, шаруаның бақшасына жетеді,- дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Шымкент қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шаһардағы 34 су арнасының 8-іне биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның үшеуі бүгінде аяқталып, бесеуінің жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі «Сасық-1» су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс басына барып, жауапты басқарма мен мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті.

Аталған су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарларға шолу жасады. Каналдың жалпы ұзындығы 14,1 шақырым. Су арнасының жұмыстарына жауапты мердігер мекемеден 17 техника және елуге жуық жұмысшы тартылды. Қазіргі таңда бетон блоктары орнатылып, демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Жалпы жұмыстың қазіргі таңда 40%-ы аяқталуға жақын. Жоспар бойынша жоба биылғы жылдың қазан айында аяқталу белгіленген. Қала әкімі мердігер мекеме басшылығына су арнасын пайдаланатын шаруалармен де кездесіп, құрылыс жұмыстарын тұрғындарға тиімді етіп ұсынуды тапсырды.

Айта кетсек, жуырда Шапырашты тұрғын алабында каналдың бір бөлігі пайдалануға берілген болатын. Ел игілігіне берілген канал 500 гектар аумақты суаруға қауқарлы. Жаңадан қазылып, бетондалған каналдың ұзындығы 6,8 шақырым, тереңдігі 1,5 метр, ені 3 метрді құрайды. Өткізгіш қабілеті де ұлғайып, 1,5-2 текше метрге жетті. Қазіргі бөлігі, яғни 5,3 шақырым аумағы 500 гектар жерді суарса, қалған 1,5 шақырымы пайдалануға берілгенде су жеткізу қуаты 800 гектарға жетеді. Құрылыстың жобалық құны үшін 452,7 млн теңге бөлініп, оның 220 млн теңгесі 2022 жылы игерілді. Қалған бөлігі биылғы жұмыстарға арналған. Қазір каналдың соңғы аумағында құрылыс жалғасып жатыр. Тамыздың соңына дейін жобаны өз мерзімінде пайдалануға беруді жоспарланып отыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:49
Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында
Бүгін, 11:59
«KitapХАН». Түркістандағы өрендерді рухани құндылыққа баулитын жоба
12 маусым, 14:57
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
12 маусым, 14:46
Түркістан: Арыста биыл 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
12 маусым, 14:04
Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөздер жүргізілді
11 маусым, 12:59
Түркістан: Әлеуметтік дамудағы қарышты қадамдар
11 маусым, 12:57
Түркістан: Отырар мен Созақ аудандарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды
10 маусым, 18:22
Айдын Сайлаубай: «Жайлы мектеп» – баланың болашағына салынған инвестиция
10 маусым, 14:57
Түркістан: Экономиканың дамуына серпін беретін туризмді дамыту – басты назарда