jasqazaq.kz

Шымкентте банк басшысы іздестірілуде

12 қантар 2018, 19:58

Шымкентте бірнеше салымшының ақшасын заңсыз иемденіп кеткен банк басшысы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында анықталғандай, 45 жастағы Нұржан Бауыржанұлы Көлбаев банктердің бірінің филиалын басқарған. Банк басшысы алаяқтық жолмен салымшылардың ақшасын иемденіп, белгісіз бағытта жасырынған. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің тұратын жерін анықтау бойынша барлық қажетті жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Күдіктінің белгілері: бойы 170 сантиметр, шашы қара, көзі қара. Ерекше белгілері жоқ.

Полицейлер күдікті 1973 жылғы Нұржан Көлбаевқа қатысты қандай да бір ақпарат білетіндерден мына 8-(7252)-97-60-09, 8-777-612-32-44 немесе «102» телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Sputniknews.kz

Бүгін, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі