jasqazaq.kz

Шымкентте алғаш рет госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды

16 қыркүйек 2024, 15:26

Шымкентте алғаш рет аурухана базасында госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі імәлімдеді. Басқарма мәліметі бойынша бөлімше Қалалық балалар клиникалық аурухана базасында ашылған. Оның іші қажетті медициналық жабдықтармен, медициналық және ламинарлық шкафтармен, ротациялық орау машинасымен жабдықталған.

Бөлімшенің басты міндеті дәрілік заттарды уақтылы, сапалы дайындау және пневматикалық пошта арқылы медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу болып табылады.

«Мұнда берілетін дәрі-дәрмектің саны автоматты түрде бақыланады. Бұл бөлімшенің бірегейлілігі: медициналық дәрі-дәрмекке жұмсалатын шығыстарды үнемдеу. Сонымен қатар, дұрыс емес тағайындаулар мен емдеу қаупі азаяды. Ал тағайындаған кезде дәрінің 20мл немесе 50 мл болуы мүмкін, сол дәрінің кеп бөлігі пайдаланылмайды, өйткені дәріні бір ашқаннан кейін стерильді препарат болғаннан кейін болмайды. Ал енді қазіргі енгізіп жатқан жүйе тиімді пайдаланып бір емес екі балаға,үш балаға тиісті сақтай отырып пайдалануға жол береді. Басты мақсат – пациенттерге препараттарды жеткізу жүйесін цифрландыру, дәрілік заттардың дербестендірілген есебін жүргізу. Мұнда берілетін дәрі-дәрмектердің саны автоматты түрде бақыланады. Бұл бөлімшенің бірегейлілігі: медициналық дәрі-дәрмектерге жұмсалатын шығыстарды үнемдеу болады, әрі сапалы медициналық көмек ұсынылады»,- деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков.


№ 2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позиловтың айтуынша, Бұл өте ыңғайлы біріншіден санитарлық талаптар, екіншіден — дәрілердің қауіпсіздігі, ал үшіншіден үнем болады. Ол: «Денсаулық сақтау басқармасының басшысы биыл тағы 6 медициналық ұйымды госпиталдық фармация бөлімімен қамтамасыз ететінін айтты. Бұл арқылы дәрілік заттарды ұтымды пайдалана отырып бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге болады» — дейді.
Яғни, қаланың ауруханаларында госпитальдық фармация бөлімшесін ашу нәтижесінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалану есебінен бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге болады.

Осыған орай биыл 6 медициналық ұйымды госпиталдық фармация бөлімімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Госпиталдық фармация бөлімшесінің жобасы бүкіл әлемде қолданылады және халықаралық талаптардың бірі саналады.

JQ-Aqparat
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды