jasqazaq.kz

Шымкентте «Адал еңбек – адам көркі» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

30 қыркүйек 2024, 12:03

Еліміздің барлық өңірінде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде «Еңбек күні» атап өтіледі. Бұл күннің басты мақсаты – еңбекті насихаттау, жастарды маман атануға бағыттау және Мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясын жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына жол ашу.

Еңбек күніне орай, Шымкент қаласында «Адал еңбек – адам көркі» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Арбат төрінде өткен жәрмеңкеге қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік 100-ден астам жұмыс берушіден 2000 мыңға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.

Іс-шара барысында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары Еңбек.кз электрондық порталы ұсынған жұмыс орындарын халыққа таныстырды. Шымкент қаласы әкімдігі Еңбек мобильділігі орталығының директоры Бағдат Арқабаев жұмысқа орналасқан қала тұрғындарының статистикасына тоқталып өтті.
«Биыл қалада 30 207 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Қыркүйек айындағы жағдай бойынша оған 23 691 адам қатысты. Жоспар 78,4 пайызға орындалды. Атап айтқанда, 2 426 адам еnbek.kz порталы талап етілген дағдыға онлайн оқыса, 3 228 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік білімін жетілдіріп, 428 адамға комиссияның шешімімен қайтарымсыз грант бекітілді. Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 639 адам жолданды (жылдық жоспар — 7 453). Оның 168-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 2007 адам жастар практикасына, 2 390-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 273 адам «Алғашқы жұмыс орны» 15-і «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына және 786 тұрғын зейнет жасын алдындағы «Күміс жас» жобасына жолданды. Одан бөлек, қаладағы тұрақты бос жұмыс орындарына 10 970 адам орналастырылды», — деді Бағдат Арқабаев.

Мерекелік іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, қаламыздағы түрлі өндіріс орындары мен білім беру салаларында ұзақ жылдан бері табысты еңбектеніп келе жатқан еңбек озаттарын марапаттады. Мұнан кейін Қуаныш Жұмабекұлы жәрмеңкені аралап, жұмыс берушілерге еңбек құқығының бұзылмауына ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

Жәрмеңке арқылы 335 адам тұрақты жұмыс орнына, 106 жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жолдама алса, 139 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. Одан бөлек, 65 тұрғынға қайтарымсыз грант, 18 адамға өңіраралық көші-қон жөнінде мамандардан кеңес алды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкен қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда