jasqazaq.kz

Шымкент: Жұмыссыз азаматтар кәсіптік білім алады

25 қыркүйек 2024, 12:35

Бүгінде еліміздің барлық өңірінде азаматттарды тұрақты жұмыспен қамту немесе кәсіптік білім беру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ал биыл Шымкент қаласында білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 1 110 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдау жоспарланған. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға жолдау үшін білім беру ұйымдарынан 29 жұмыс берушіден 44 мамандық бойынша 1820 адамды оқыту үшін өтінім берілген.
Ал, жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін 29 мекемеден 52 мамандыққа 2014 адамды оқытуға ұсыныс түсті.
Комиссия отырысында өтінім берген мекемелердің техникалық базасы, жұмыс орындары, бүгінге дейінгі экономикалық ахуалы мен салық төлемдері қаралды.
Нәтижесінде, комиссия қорытындысымен білім беру орталығында 14 жұмыс берушіге 26 біліктілік бойынша 533 жұмыссыз азаматты оқыту, жұмыс берушілердің жұмыс орнында 12 мекемеге 25 біліктілік бағытында 200 жұмыссыз адамды оқыту бекітілді.
Оқу мерзімі үш ай. Білім беру ұйымдарында қысқа мерзімді кәсіптік білім беру барысында 43 574 теңге шәкіртақы төленсе, жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыту үшін 73 840 теңге айлық жалақы қаралған.

Одан бөлек, оқуға қатысушыларға 7 384 теңге (2 АЕК) бір реттік әлеуметтік төлем қаралған. Сонымен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен жыл басынан бері 283 отбасыдағы 542 адам «қандас» мәртебесін алып, 34 отбасыдағы 44 адам мәртебесін жарты жылға ұзартты. Қандастардың 259-ы ер, 283-і әйел, 18 жасқа дейінгі жастар саны – 168, зейнет жасында – 63 адам. Оның ішіде еңбекке қабілеттісі – 311. Білім деңгейі бойынша 61 адамның жоғары білімі болса, 145 қандаста арнайы орта білім, 97 адамда жалпы орта білім және 8 адамның білім жоқ.
Атажұртқа қоныс аударғандардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасының еншісінде. Көрші елден 441 адам, Қырғызстаннан – 1, Ресейден – 6 адам және Түркіменстаннан – 2 адам келген.

Бүгінде қоныс аударған қандастардың көбісі құрылыс пен сауда-саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысып жатыр.
Шымкент қаласында қандастарды қоғамға бейімдейтін арнайы орталықта 18 отбасынан 46 адам қызмет алып жатыр. Ал, Еңбек мобильділігі орталығының қызметіне 96 адам жүгініп, 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.

Атап айтқанда 14 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 3 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасына, 3 адам «Қоғамдық жұмысқа», 9 қандас «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасына және 1 адамға «Күміс жас» жобасына жолдама берілді. Сонымен қатар, 18 қандастың «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту курстарында білімін жетілдірді.

JQ-Aqparat

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда