jasqazaq.kz

Шымкент: Жұмат Шанин атындағы драма театры жаңа маусымды бастады

20 қыркүйек 2024, 13:59


Шымшаһардағы Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры жазғы демалыстан кейін көрерменімен қайта қауышты. Алтын күз келіп жеткенде 95 жылдық тарихы бар көне театр жаңа маусымның шымылдығын Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» пластикалық қойылымымен ашты.
Театрдың баспасөз қызметі жазғандай, жаңа маусымның ашылуын тағатсыздана күткен көрермен осылай қарай ағылып, зал лық толды. Өйткені ұлы жазушының «Ақ кемемен» өз әкесінің келетініне сенетін Бала туралы шығарма бәрімізге етене таныс. Төрткүл дүниенің бір бұрышындағы әсем табиғат аясында алты ересек жан мен жеті жасар баланың тіршілік етуі бізге ақ пен қараның, үміт пен үрейдің адам бойында мәңгілік айқасқа түсіп жататынын аңғартады. Баланың арманы ақиқатқа айналады ма әлде үміті үзіледі ме? Спектакль осы сауалға жауап іздейді. Күн шықса шексіз көкжиектерге дүрбімен қарап, кеш батса айдын көлге арман-қиялында «ақ кеме» салып, әкені аңсаумен, ана құшағына жарымай өскен баланың тағдыры мен көркем бейнесі көпшіліктің көңілінен айрықша орын алары анық.
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының қоюшы режиссер Гауһар Адай: «Қойылым — табиғат аясында болып жаткан адам мен тылсым күш арасындағы тартысты көрсетеді. Бұғы ана мейірім мен махаббатқа толы өмір сүруге жол көрсетеді. Алайда қоғамда өзін «маңызды» көрсету үшін мейірімнен бас тартқан қатыгез пенденің іс-әрекеті суреттеледі. Мейірімнен бас тартуга мәжбүр пенде коғамда өмір сүру үшін, күнелту үшін өзін жоғалтып, бақытсыз болуға дайын. Кейіпкердің жан тебіренісін сезіндіру үшін актерлер сөзбен немесе оқиғаны баяндап емес, іс-әрекетке, үнсіз қимылға бағындырып жеткізуге тырысты» ,-дейді.


Театрдың ашылу салтанатында журналистер сұрағына жауап берген театрдың көркемдік жетекшісі Сұлтан Срайылов: «Басты назарды көрерменге тұщымды дүние ұсынуға, театрдың шығармашылық әлеуетін көтеруге бөліп отырмыз. Жақында ғана театрымызға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының драма театр өнері және кино әртісі өнері бөлімінен бір топ жас таланттар жұмысқа келді. Оларды театрымызға бастап келген Әшім Ахметовпен бірге барлығын баспанамен қамтамасыз етіп, театрымызда қызмет атқаруына барлық мүмкіндікті жасаудамыз», — деді.
Көрермендер көңілінен шыққан қойылымның соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың және Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің, Шымкент қалалық опера және балет театрының ықылас гүлдері табысталды.

JQ-Aqparat
Сурет: Ж.Шанин атындағы театрдың баспасөз қызметі

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?