Шымкент: Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік пысықталды

15 қазан, 14:34

Қазіргі таңда еліміз бойынша жылыту маусымы қазан айының алғашқы аптасынан бастап іске қосылды. Әр өңірдің ауа райына байланысты кезең кезеңімен өңірлерге жылу берілді. Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары азаматтық қорғаныс полковнигі Еркін Отарғалымұлы жылу маусымы кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша атқарылған жұмыстар жайында айтты.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылды:
• Әлеуметтік желілерде 138 ақпараттық материал, бұқаралық ақпарат құралдарында 34 жарияланым шықты.
• Қала аумағында 150 рет дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
• 3812 қатты отынмен жылытылатын тұрғын үй араланып, 7 мыңнан астам адамды қамтитын түсіндіру жұмыстары өткізілді.
• 1500 оқушыны қамтитын 42 интерактивті сабақ ұйымдастырылды.

Әлеуметтік жағдайы төмен 2222 отбасыға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 8714 адамға жадынама парақшалары таратылды. 334 отбасы қайта араланып, 89 үйге газанықтағыш құрылғылар орнатылды. Сондай-ақ, 80 үйдің түтін мұржалары тазартылған. Жеке кәсіпкерлермен және әкімдіктермен меморандум арқылы 125 газанықтағыш құрылғылар сатып алынған.
Биыл Шымкент қаласында жылыту маусымының басталуына байланысты «Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясы өткізілуде. Бұл шара аясында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Акция барысында әлеуметтік осал топтағы отбасылар, табиғи газға қосылмаған жатақханалар, және қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлер араланып, олардың қауіпсіздік жағдайы тексерілді.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жылыту маусымы кезінде өрт қауіп-қатерлерінен қорғану үшін келесі ұсыныстарды орындауды ұсынады:
1. Түтін құбырлары мен пештерді күйеден тазалау: Жылыту маусымы басталар алдында және жылу беру маусымы кезінде түтін мұржаларын кемінде үш айда бір рет тазалаңыз.
2. Электр сымдарын тексеру: Тозған немесе уақытша схема бойынша жүргізілген электр сымдарын ауыстырып, олардың жағдайын бақылаңыз.
3. Электр желілерін жүктемеу: Үйді жылыту үшін стандартқа сай емес электр құралдарын қолданбаңыз және электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз.
4. Пештерді дұрыс пайдалану: Пешті қатты қыздырмаңыз, үстінде жанғыш материалдарды кептірмеңіз.
5. Ауланы тазарту: Аулаңызды жанғыш қоқыстардан тазалаңыз және күлді жинау үшін қауіпсіз орын әзірлеңіз.
6. Балаларды қараусыз қалдырмау: Балаларды ересектердің бақылауынсыз қалдырмай, қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіз.

Бұл шаралар тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтауға және ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі