jasqazaq.kz

Шымкент: Жыл соңына дейін 4574 отбасы баспанамен қамтылады

19 қараша 2024, 14:54

Шымкент қаласында баспанамен қамту мәселесі шешімін тауып келеді. Қазір мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамту жобалары жүзеге асуда. Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 140 азамат тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1 803, көпбалалы отбасылар — 15 449, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы – 17 823, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 042, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар — 24.

Биыл Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін 4574 отбасы пәтермен қамтылатын болады.
Ағымдағы жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға арендалық сатып алу құқығынсыз 1 000 азаматқа (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 200, көпбалалы отбасылар – 351, халықтың осал топтары – 449) арендалық пәтер берілуі жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 251 пәтер (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 91, көпбалалы отбасылар – 48, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 112) пайдалануға берілді.

Ал былтырғы жылдан өтпелі болған 280 пәтер биыл қоныстандырылды.
Сондай ақ, 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жас 900 арендалық баспанаға қол жеткізеді.
Бұдан бөлек, Мемлекеттік бағдарламалар бойынша «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары аясында жеңілдетілген несиелік негізде ағымдағы жылға жоспарланған 2274 пәтердің ішінде 432 пәтерге келісім-шарттар түзіліп, азаматтарға қолданысқа табысталды.
Сонымен қатар, 2023 жылдан өтпелі болған жалпы 1041 пәтер азаматтар арасында 2024 жылы үлестірілді. Осылайша, несиелік бағытта жалпы 1473 пәтер берілді.

Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделуде.
Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 6 пайыз, бастапқы жарна 10 пайыздан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін.

Қазіргі таңда тұрғын үй саласына қатысты мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асырылады.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды