jasqazaq.kz

Шымкент: Жыл басынан бері 2739 адамға тұрғын үй субсидиясы төленді

20 қараша 2024, 16:54

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатының баспана мәселесін жедел шешу мақсатында жалға алған тұрғын үйді субсидиялау тетігі іске қосылғаны белгілі. Осы орайда Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамту шаралары да өз нәтижесін беріп келеді. Шымкент қаласы Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, баспана кезегінде тұрып, өздері жалдамалы пәтерді паналап жүрген отбасыларды қолдау мақсатында жалдау ақысының 50 пайызын субсидиялау жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Өткен жылы субсидиялау тетігіне 2105 азаматтың өтінімі мақұлданып, оларға 191 173 000 теңге төлемдер жүргізілді. Сондай-ақ өткен жылы субсидия алушылардың аталған жеңілдікті мақсатты пайдалануларына мониторинг жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде 500-ге жуық азаматтың мақсатсыз пайдаланғаны анықталып, тағайындалған субсидия тоқтатылған. Ал биыл қаңтардан бастап жергілікті бюджеттен 2739 азаматқа тұрғын үй субсидиясы төленіп, субсидияны мақсатсыз пайдаланған 277 азаматтың субсидиясы тоқтатылды. Қазіргі таңда 2496 азамат субсидия алуда.
Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана сатып алуына септесетін тұрғын үй сертификатыан келсек, бүгінге дейін 392 азаматқа 357,8 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілген.
Оның ішінде: 1,2 — топтағы мүгедектігі бар азаматтарға — 123, мүгедектігі бар бала асыраушы отбасыларға – 82, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 16, көп балалы отбасыларға – 73, толық емес отбасыларға – 33, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне 65 сертификат тапсырылған.
Айта кеткен жөн, былтырғы жылы қайтарымсыз негізде жалпы сомасы 129,7 млн теңгеге тұрғын үй сертифаттары төлем қабілеттілігін растаған 148 азаматқа берілген.
Сонымен бірге пәтерлерді жекешелендіру бағдарламасы да ойдағыдай жүзеге асрылып жатыр. Мәселен, биыл қаңтар айынан бастап тұрғын жайларын жекешелендіруге 181 өтінім түсіп, комиссия қарауына жіберілген. Оның ішінде 141 пәтер құнын төлеу негізінде, 18 азаматтың пәтері өтеусіз жекешелендірілді.
Көп қабатты тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу бағытында да біраз шаруа атқарылды. Айталық, Шымкенттің басты көшелерінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ағымдағы жөндеуге 62 көп қабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып, 54 көп қабатты тұрғын үйдің жұмыстары аяқталған. Ал 8 көп қабатты тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда