jasqazaq.kz

Шымкент: ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

24 қазан 2024, 13:59

Келер жылдан  бастап елімізде жеке медициналық кітапшалар тек электрондық нысанда беріледі және жүргізіледі. Бұл өзгеріс биылғы жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен енгізілді. Жаңа ереже бойынша, электрондық жеке медициналық кітапшалар (ЖМК) жұмысқа жіберу туралы белгімен беріледі және қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) мен медициналық ұйымның QR-коды арқылы куәландырылады. Жеке медициналық кітапшаларды берумен тек медициналық қызметке лицензиясы бар және ақпараттық жүйелерде тіркелген медициналық ұйымдар айналысады. Медицина саласындағы оң өзгерістер жайында Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова баяндады.

Міндетті медициналық қарап-тексеруді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісі басшысының шешімімен жеке медициналық кітапшаларды жүргізуге жауапты тұлға тағайындалады, әдетте бұл терапевт дәрігер болады. Электрондық кітапшалар мемлекеттік ақпараттық жүйелермен синхрондалып, қажетті деректер автоматты түрде көшіріледі, ал жоқ болған жағдайда олар қолмен енгізіледі.

Жаңа жүйе медициналық тексеру процесін оңайлату және деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Айгүл Тұрымбетованың айтуынша, маусымдық аурулардың бірі болып саналатын жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың жағдайы Шымкентте салыстырмалы түрде тұрақты.

Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ аурушаңдығы 8,1 пайызға төмендегенімен, тұмау жағдайлары керісінше 1,66 есеге өскен. Дегенмен 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусымда тұмаудың расталған түрлері әлі тіркелмеген.

ЖРВИ жағдайларының арасында биыл тұмау емес вирустардан 8 жағдай тіркелсе, өткен маусымда бұл көрсеткіш 16 болған. 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда 139 тұмау жағдайы анықталды, оның 138-і A (H3N2) түрінен және 1-і B түрінен болды.

Тұмаудың алдын алу мақсатында биылғы эпидемиологиялық маусымда жергілікті бюджет есебінен тәуекел топтар үшін 150 000 доза «Гриппол +» вакцинасы сатып алынған. Қазіргі уақытта 118 879 адам тұмауға қарсы екпе алған. Бұл шаралар тұмау мен ЖРВИ ауруларының таралуын азайтуға бағытталған.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда