jasqazaq.kz

Шымкент: Жол жөндеу жұмыстары қарқынды

14 қазан 2024, 14:41

Биыл Шымкент қаласында 300-ден астам көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала әкімдігі тарапынан қолға алынған бұл шаруа тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, көлік кептелісін азайтуды көздейді.

Жуырда шаһардағы Өтегенов көшесінің 1 және 2-кезеңдерінің құрылысы аяқталып, Сырым батыр көшесімен қиылысы арқылы көлік қозғалысы ресми түрде ашылды. Бұл жол қала тұрғындары үшін аса маңызды. Өйткені бұдан былай қаланың солтүстік бөлігінен («Бозарық», «Шымсити», «Асар», «Асар-2» шағын аудандары) орталыққа тікелей қатынау мүмкіндігі пайда болды.

Сонымен қатар, Өтегенов көшесінің ашылуы Бәйдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылысындағы көлік кептелісін азайтуға да ықпал етеді. Жол «Шымкент Сити» шағынауданынан Төлеметов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын 4 жолақты бұл көшеде аяқжол, ирригациялық арықтар, көше жарықшамдары және бағдаршамдар орнатылған.

Еске сала кетейік, Бәйдібек би даңғылы – қаладағы көлік ағыны жоғары негізгі магистральдардың бірі. Көлік кептелісін азайту мақсатында, осы даңғылға балама ретінде Өтегенов көшесі көлік қозғалысы үшін қолжетімді болып отыр.
Сонымен қатар, көше қиылыстарындағы интеллектуалды көлік жүйесіне ITS қосылмаған бағдаршамдарда секундомерлердің кері есебі қайта орнатылып жатқанын да айта кету керек.

Сондай-ақ бүгінде Самал-3 шағынауданындағы Изенді, Жаңақоныс, Шұбаркөл және Юсупов көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Қазіргі таңда осы көшелерде ұзындығы 9 шақырым болатын жол жамылғысының 6,5 шақырымына ірі түйіршікті асфальтобетонның төменгі қабаты төселді.

Жоспар бойынша, жылдың соңына дейін бұл көшелерді асфальттауды аяқтап, көлік қозғалысына ашу көзделуде. Жалпы жол жөндеу жұмыстары 2025 жылы толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?