jasqazaq.kz

Шымкент: Жазушы шығармасын талқылау жастарға ой салды

26 қыркүйек 2024, 14:08

Интернет жайлаған бүгінгі заманда жастарды кітап оқуға баулу қажеттігі туындап отырғаны шындық. Бүгінде түрлі гаджетті пайдалануға үйренген жас буынның көркем әдебиетке қызығушылығы шамалы. Сондықтан өскелең ұрпақты кітап оқуға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін іс. Бұл орайда Шымкент қаласында біраз жұмыстың қолға алынғанын айту керек. Мектеп оқушылары мен студенттер арасында қандай да бір ақын-жазушының шығармашылығын талқылау әдісімен көркем әдебиетке қызықтыру ісі қолға алынған. Сондай шараның бірі күні кеше Дулат Исабековтің шығармашылығына арналды.

Шымшаһарда «Сенің ортаң» жобасы аясында Дулат Исабековтің танымал «Сүйекші» шығармасына арналған жиын өтті. Жастар жобасына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің маңызды шығармаларын кең аудиторияға таныстыру және әдеби талқылау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру. Әдеби талқылаулар арқылы қоғамда мәдени диалог орнату. Сонымен бірге бұл жоба әдебиет саласындағы маңызды мәселелерді көтеру арқылы оқырмандардың мәдени білімін арттыруды көздейді.

Дулат Исабековтің «Сүйекші» повесіндегі басты философиялық ой – қауқарсыз жалғыздық. Кедей отбасында өмірге келген Тұңғыштың ештеңеге ұмтылмай, ешқандай мақсатсыз өмірден өтуінің сыры айтылады. Шығармада қазақ қоғамының әлеуметтік мәселелері, тұлғалық қақтығыстар мен моральдық дилеммалар терең сипатталады.
Жиналған жастарды арасында осы шығарманың негізгі тақырыптары мен идеяларын талқыланып, қазіргі жастардың тұрмыс-тіршілігін сөз ете келе, ұсыныстары да айтылды.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шарада оқырмандар мен әдебиет сүйер қауым шығарманың өзектілігін, оның әдебиеттегі орны мен қазақ қоғамындағы рөлін талқылауға белсенді қатысты.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда