jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарға жалпыұлттық бірлікті нығайту түсіндірілді

14 қараша 2024, 12:44

Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға арналған іс-шаралар легі жалғасуда. Әсіресе бірлік пен татулықты жастар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті «Қоғамдық келісім» РММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» тақырыбындағы лекторий жалғасуда.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді көздеген лекторийде алғашқы сөзді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов мемлекеттік этносаясаттың басым бағыттары жөнінде айтып өтті.
Лекторийді қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Нұркен Әлімқұловтың модераторлығымен өтті.

Жиынға профессор, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының» төрағасы Аскер Пириев, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің департамент директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Шымкент университетінің факультет деканы, география ғылымдарының кандидаты Алтынбай Сәулембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің мән-маңызын жастарға кеңінен түсіндірді.
Кездесуге Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқытушылары студенттер, «Ассамблея жастары» қатысуда.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы ҚХА баспасөз қызметі

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ