Шымкент: Жастарға нашақорлықтың салдары түсіндірілді

04 қараша, 15:00

Оқу жылы барысында Шымкент қаласының полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жастарға есірткі қылмысының және нашақорлықтың салдары туралы ескерту жұмыстарын жүргізуде. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, мамандар жастарға есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне тоқталды.

Осындай кезекті іс-шара «Индустриалды техникалық колледжінің» ғимаратында өткізілді. Оған қатысқан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді.

Сондай-ақ, мамандар өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстары туралы, өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.

Сонымен қатар жастар арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында полиция мамандары Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжінде кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қарбеков, Жекпе-жектен Азия және Әлем чемпионы панкратион спорт түрінен Ташкентте өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Тимур Қуаныш және Шымкент қалалық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күресу орталығының эпидимиолог дәрігері Асқар Ертаев қатысты.

Жиын барысында сала мамандары есірткінің адам өміріне әкелер зияны мен оны қолданған жағдайда заң аясында қандай жауапкершіліктердің қаралғаны жөнінде сөз қозғады.
Сондай-ақ Шымкент қаласының прокуратурасы мен полиция департаментінің мамандары нашақорлық жарнамаларымен күресу үшін аудан әкімдіктері жанындағы коммуналдық мекемелердің (Абай, Қаратау, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран) мыңнан астам қызметкерлерін жұмылдырды.

Бұл бастама есірткіні жарнамалаумен тиімді, мақсатты және тұрақты түрде күресуге мүмкіндік береді.
Бүгінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ауқымды жұмыс тұрақты түрде іске асырылатын болады. Құзырлы органдар тарапынан нашақорлыққа қарсы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?
06 желтоқсан, 11:27
ОПЕК+ елдері 2026 жылға дейін мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісті
04 желтоқсан, 15:39
Қазақша сөйлесең, кибералаяқ қашып кетеді
03 желтоқсан, 14:17
Мектепте ақша жинау мәселесіне Ғани Бейсембаев нүкте қойды
26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус