jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарға арналған маңызды кездесу өтті

17 қазан 2024, 16:07

Елімізде жастар саясатын жүзеге асыруда Жастар ресурстық орталықтарының маңызы зор. Бүгінде жастар орталықтары қоғамдағы маңызды мәселелерге баса назар аударуда. Осы ретте Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мирас университетінің студенттері арасында суицид, лудоманияның зияндылығы және интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында “Ел ертеңі – жастар” тақырыбында психологиялық кездесу өтті деп мәлімдеді Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті мен психолог мамандар қатысты. Атап айтқанда, Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлім бастығы, полиция подполковнигі Шыңғыс Жайлаубек, Полиция департаментінің Киберқылмыс тобының жетекшісі, полиция капитаны, криминалист маман Наталья Байко , сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының психологы ЖібекСайдахан өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барысында психолог мамандар сенімсіздік, қорқақтық, жалқаулық, сенгіштік және күмәншілдік сияқты тұлғалық ерекшеліктердің проблемалық тұстарын талқылап, олардың алдын алу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау дағдыларының жеткіліксіздігі, адамдармен тіл табыса алмау және тұйықтық сияқты қарым-қатынасқа байланысты мәселелер көтерілді. Оқу және еңбек іс-әрекетіне қатысты сәтсіздікке бой алдыру және ерік-жігердің жетіспеуі сынды қиындықтар да назардан тыс қалмады.

Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Индустриялды техникалық колледж жастарына арналған «Заң және заман» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, жемқорлықпен күресу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпарат беру.

Кездесуге Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің орынбасары Асылжан Жанаев, Тұран ауданы әкімінің бас инспекторы Ақмарал Зайнуллаева, Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мүшесі А Жазира Тілеубергенқызы және Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қарбеков қатысты.

Спикерлер жастарға құқықтық білім берудің маңыздылығын атап өтіп, жемқорлыққа қарсы күресудің заманауи тәсілдері мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың заң бұзушылықтардан аулақ болуға деген ынтасын қалыптастыруға баса назар аударылды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды