jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарды баспанамен қамтуға арналған бағдарлама жүзеге асады

19 қараша 2024, 15:25

Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау басталды. Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, баспана алу үшін жастар өтінішті қараша айының соңына дейін электронды портал арқылы өтінім бере алады.

Ал «Жастар» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар мыналар.
Ең алдымен жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген 35 жасқа толмаған (34 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Одан бөлек,

− ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен (147 680) кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);
− өтініш берушінің Шымкент қаласында өтінім берер алдында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы;
− өтініш берушінің отбасы мүшелерінің Шымкент қаласында тұрақты тіркеуінің болуы;
− өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), балалары (бар болса) апатты жағдайда тұрған, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы;
− тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы.

Жастарға берілетін пәтер саны – 900.Оның ішінде: 1 бөлмелі – 238, 2 бөлмелі – 412, 3 бөлмелі – 250. Пәтерлер Шымкент қаласы, Абай және Қаратау аудандарында орналасқан. Жастар бағдарламасына қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.

Осыған дейін Шымкент қаласында жоба аясында 2020 жылы – 904 адам, 2021 жылы – 300 адам, 2022 жылы 857 жас пәтермен қамтылды. Ал биылғы жылдың соңына дейін «Тұран» ықшам ауданында орналасқан 800-ден аса пәтерді жалға беру жоспарланған.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылдың 8-10 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бойынша өтінім қабылданды. Нәтижесінде, аталған бағдарламаның талап шарттарына сәйкес келген 888 азаматтың өтінімі мақұлданды. Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 3 жыл мерзімге жалға беріледі.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды