jasqazaq.kz

Шымкент: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу маңызды

02 сәуiр 2024, 16:20

Нашақорлық – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр дерт. Содан да жастар саясатында есірткінің зияны туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге мін беріледі.

Мемлекет басшысы осы орайда:

«Мен синтетикалық есірткі мәселесіне ерекше назар аударғым келеді. Өкінішке қарай, адам психикасына әсер ететін заттар тез таралып бара жатыр. Бұл – өте қауіпті үрдіс. Қазақстанда есірткіге тәуелді 110 мың адам есепте тұр. Оның ішінде балалар да бар. Бұл – біз білетін мәлімет қана. Осы ретте ішкі істер министрлігінің есірткіге қарсы күресті тиімді жүргізуін талап етемін. Біз бүкіл қоғам болып бұл кеселге қарсы табанды түрде күресуге тиіспіз», – деген еді.

Еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкентте есірткіге қарсы пәрменді күрес жүргізіліп, жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға айрықша маңыз беріледі. Бұл бағытта шаһардағы «Жастар ресурстық орталығының» қосатын үлесі қомақты екенін айтқан жөн.

Заманбек Орынбеков, Шымкент «Жастар ресурстық орталығының» басшысы:

«Нашақорлық – бұл жалпыға ортақ мәселе, өйткені ол біздің қоғамның дамуымен байланысты. Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздестіруде. Шымкент қаласында да соңғы жылдары нашақорлық, құқық бұзушылық және лудоманиямен күрес жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмаған жасөспірім мен жастар арасында «Түнгі рейд», «Түнгі қаладағы жастар», «Жасөспірім», есірткі жарнамасының алдын алу мақсатында «STOP: Есірткіге жол жоқ!» акциясы, құмар ойындардың зияндығын насихаттау мақсатында «Құмар ойынға құмартпа», «Лудомания – қоғам дерті» тақырыптарында кездесулер мен семинар-тренингтер ұдайы ұйымдастырылады».

Айталық, «Жастар ресурстық орталығы» жуырда «Нашақорлық — болашағыңа жасалған қастандық» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өткен іс-шараға Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Меруерт Одаман, №3 спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Бахтияр Садықов, жастарға үлгі боларлық танымал спортшылар қатысты.

Шарада жастарды есірткіні пайдаланудың алдын алуға және есірткі қылмысына қарсы бірлесіп күрес жүргізу есірткінің ағзаға зияны мен жағымсыз салдары туралы мағлұмат берілді. Сананы улаған кеселге тап болғандардың өмірі қиындай түсетінін ескертіп, жастарды спортпен шұғылдануға шақырды.

JQ-Aqparat

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды