Шымкент: Жастар АЭС құрылысын қолдайды

17 қыркүйек, 13:04

Еліміздегі ең маңызды мәселенің бірі АЭС салуға жастар да үн қосуда. Олар өздерінің өзіндік пікірілерімен бөлісіп, маңызды шешімді ел болып қабылдауға күш салуда. Бұл ретте Шымкент қаласының жастары да белсенділік танытуда. Шаһардағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Энергетика — адамзаттың болашағы» тақырыбында студенттер арасында маңызды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарды энергетика саласындағы өзекті мәселелермен таныстыру және болашақ даму бағыттары туралы ой бөлісу болды, деп хабарлайды Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында АЭС-тің экономикалық пайдасы мен оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. Спикерлердің арасында “BasQaru” қоғамдық қорының басшысы Марғұлан Ермағанбетұлы ерекше назар аударып, тақырып бойынша маңызды пікірлерімен бөлісті. Шараға 200-ге жуық жас қатысып, олар да өз сұрақтарын қойып, қызықты пікірталастарға белсене қатысты.
Бұл кездесу жастардың энергетика саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрістерін кеңейтуге үлес қосты.
Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Энергетика және байланыс колледжінің студенттері арасында АЭС салу мәселесі бойынша кездесу өтті.
Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі болды. Жиын барысында энергетика саласының мамандары мен сарапшылар студенттерге АЭС-тің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесі, оның экологиялық және экономикалық артықшылықтары жайлы түсініктемелер берді.
Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, АЭС-тің қауіпсіздігі, радиациялық тәуекелдер және оны салудың қоршаған ортаға әсері туралы сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстандағы энергетикалық тәуелсіздік пен оның әлемдік нарықтағы рөлі де талқыланды.


Бұл кездесу АЭС салу мәселесіне қатысты жастардың пікірін тыңдап, олардың сұрақтарына жауап беру үшін маңызды платформаға айналды.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде “Мен АЭС құрылысын қолдаймын” тақырыбында да кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – жастар арасында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы туралы ақпарат тарату, оның энергетикалық және экономикалық артықшылықтарын түсіндіру болды.
Кездесуде АЭС-тің еліміз үшін стратегиялық маңызы, атом энергетикасының экологиялық таза әрі тұрақты энергия көзі екенін және қазіргі заманғы қауіпсіздік стандарттарының жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін айтылды. Сонымен қатар, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға АЭС құрылысының ықпалы зор екені талқыланды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?