jasqazaq.kz

Шымкент: Жаңа саябақ пен гүлзар ашылды

12 қараша 2024, 19:37

Шымшаһарды жасыл желекке бөлеп, гүлдендіру жұмысы жалғасын тауып жатыр.   Көне саябақтар жаңартылып, гүлзарлар ашылуда. Соның бірі — қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес көне саябақтың жаңартылуы. Есіл және Камал көшелерінің арасындағы  0,5 гектар жерді қамтитын аумақтағы қоғамдық орын бүгін пайдалануға берілді.

Ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 шаршы метрді құрайтын заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт алаңшалары, 3 әткеншек, 2 теннис үстелі, бір шахмат үстелі орнатылды.  Жаңа серуендеу аймағында 4000 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық  сәндік гүлдер отырғызылды.

Сондай-ақ саябаққа ауыз су бұрқағы, тегін автотұрақ, орындық, қоқыс жәшігі, пергола, жарықшам бағаналары және декоративті тастар орнатылды.

Бұл аумақта 10-нан астам көп қабатты үй мен 500-ден астам жеке тұрғын үй шоғырланған. Шамамен 2000-нан астам тұрғын бар.

Шымкенттің Әл-Фараби ауданында да гүлзар пайда болды. Оның ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Жалпы аумағы 0,31 гектарды құрайтын гүлзар Ә. Диваев көшесінде орналасқан. Мұнда шынар, гуджу, каштан ағаштары мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды.

Құрылыс барысында 1031 шаршы метрге мәрмәрдан жасалған аяқжол төселіп, 1014 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Тұрғындар мен қонақтардың қолайлығы үшін 2 велосипед тұрағы, ауыз су бұрқағы және ерекше фотоаймақ та қарастырылған.

Бұдан бөлек, 3 300 адам тұратын 20 көпқабат үй айналасында салынған гүлзарда балаларға арналған әткеншек, шахмат үстелі, теннис үстелі, мәрмәр орындықтар, қоқыс жәшігі, вазон, жарықшам бағаналары, пергола және декоративті тастар орнатылған. Тұрғындар жаңа демалыс аймағының салынғанына қуанып, әкімге ризашылығын білдірді.

Әл Фараби ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында С.Жандосов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында да жаңа гүлзар ашылды. Аумағы 0,2 гектар гүлзардың

серуендеу орнында ескі субұрқақ пен көпір күрделі жөндеуден өтіп, канал аумағы толық қоршалды. Сондай-ақ заманауи үлгідегі 8 дана орындық, 5 дана қоқыс жәшігі, әткеншектері бар 4 бастырма, 1 үстел теннисі, 4 вазон мен 6 декоративті тас орнатылды.
Сонымен қатар, шынар, гуджу тал көшеттері және көпжылдық гүлдер отырғызылып, 819 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Қала тұрғындарының қолайлылығы үшін тегін автотұрақ салынып, 764 шаршы метр аяқжол төселді. Бұл аумақта жалпы 15 көпқабатты тұрғын үй, 2700 ден аса тұрғын бар.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды