jasqazaq.kz

Шымкент: «Жайлы мектеп» жобасы ойдағыдай жүзеге асып жатыр

19 шiлде 2024, 12:32


Мемлекет басшысының тапсырмасымен мектептегі орын тапшылығын жою мақсатында ел ішінде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асып жатыр. Бүгінде мегаполисте 18 жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 12 мектептің құрылысы биыл бітеді деп күтілуде. Нысандардың басым бөлігінде бетон жұмыстары аяқталып, қаңқасы тұрғызылған. Қазіргі кезде ішін әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау, инженерлік желілерді тарту мен ауланы абаттандыру істері де қолға алынған. Тоғыз мектеп алдағы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Үш мектеп жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. Бұл 17 300 оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Осылайша мегаполистегі мектеп тапшылығы едәуір азаяды.
Жуырда Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева «Тұран-2» шағын ауданындағы №144 ЖОББМ КММ-нің құрылыс алаңында жергілікті тұрғындармен кездескен болатын. Кездесуде тұрғындар білім ғимараттарына қатысты өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді.
Н.Шәмшиеваның айтуынша, ұлттық жоба аясында салынып жатқан барлық мектептер заманауи оқу жабдықтарымен және жиһаздармен жабдықталады. Барлық мектеп қауіпсіз білім беру бағытталып, мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделеді. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін жеке кіре беріс, спорт залдары мен асханалары бар бөлек блоктар қарастырылған.
Жалпы Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектептің құрылысын салу жоспарланған. 2023 жылы 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал қалған 10 700 орындық 6 мектептің құрылысы 2025 жылы аяқталмақ.


Айта кетейік, «Жайлы мектеп» аясында бой көтеретін білім нысандарының жабдықталуына айрықша маңыз беріледі. Сыныптарда трансформер-мобильді парталар қойылады. Трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, балаларға арналған жеке шкафтар, оқу-зертханалық құрылғылармен, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылмақ. Компьютермен жабдықталған физика, химия, биология дәрісханалары мен оқу зертханалары, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар болады.
Техникалық жарақтандыру үлесі қарапайым мектептермен салыстырғанда 4 есеге артады. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті орта (пандус, кең есіктер, бөлек дәретхана, лифт), озық қауіпсіздік әрі бақылау-өткізу жүйелері қарастырылған. Ал әр мектептің ауласында стандарттарға сай келетін стадион, универсалды спорттық және балалар алаңқайы болады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?