jasqazaq.kz

Шымкент: Зейнеткерлерге әлеуметтік қызметтер көрсетілуде

12 қараша 2024, 12:59

Шымкент қаласында зейнет жасындағы азаматтардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында түрлі қолдау шаралары жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, жыл сайын зейнеткерлерді санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында шипажайға 5 000 жолдама беріледі. Оған қоса, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 70 орынға лайықталған «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешені ашылғаннан кейін жылына тағы 2000 зейнеткерді сауықтыру шипажайымен қамту мүмкіндігі туды. Осылайша қаламызда жалпы 7000 ардагер мен зейнеткердің шипажайда сауықтыру емін қабылдауына жағдай жасалып отыр.

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында басқарма тарапынан 4 шипажаймен келісім-шарт түзілді. Олар Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі», Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі», Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» және қала ішіндегі «Денсаулық» шипажайы. Бұл шипажайларға 10 айдың қорытындысымен 6 220 жолдама берілді. Оның ішінде «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде 1 655 зейнеткер сауықтыру емін алды.

Қазір жолдама беру кезегі geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Үйден шықпай-ақ порталға тіркелеуге және кезек ретін ЖСН нөмірі мен тегін жазу арқылы бақылауға болады. Қазіргі таңда электронды порталды қарттарға насихаттау барысында ақпараттық түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, қаламыздағы 1935 ардагерге «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттер, «Ардақты ардагер» басылымдарына тегін жазылу үшін келесім-шарт түзілген.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қарттарға арнайы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қаладағы арнаулы әлеуметтік қызмет алушы 500-ден астам қарияның қала аумағында ұл-қыздары жоқ немесе балалары еңбекке жарамсыз. Сондықтан сала мамандары қызмет алушыларға аптасына екі рет барып азық-түлік пен дәрі-дәрмектерін жеткізеді, әлеуметтік-психологиялық, медициналық және тұрмыстық қызмет түрлерін көрсетеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 94 664 зейнеткер тіркелген. Оның 2-і ҰОС ардагері, 1 687-і тыл еңбеккері. Сонымен қатар, 66 264 көп балалы ана мен 13 589 «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналар бар.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда