jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғындардың қауіпсіздігіне баса мән беріледі

20 қыркүйек 2024, 15:17


Шымкентте тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша маңыз беріледі. Мәселен, көп қабатты үйлерегі лифтілердің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжанов баяндады.
Оның айтуынша, қалада1233 лифт бар. Оның ішінде 941-і тұрғын үйлерде, 58-і денсаулық сақтау мекемелерінде, 50-і мектептерде, ал 184 лифт сауда орталықтары мен қонақ үйлерде орналасқан.
Жыл басынан бері 70 лифтке комиссиялық сынақтар өткізіліп, 69 лифт ресми тіркеуге қойылды. Қазіргі уақытта жүк көтергіш құралдарды тіркеу egov.kz порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылуда.
Лифт шаруашылығының жаңғыртылуы да назардан тыс қалған жоқ. Үкіметтің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылы 24 лифтіні жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС жауапты.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызмет көрсетуші мекемелердің жауапкершілігін арттыру мақсатында, тұрғындардан келіп түсетін шағымдар мен өтініштер «Айкөмек 109» байланыс орталығымен интеграцияланған. Бұл лифтінің тоқтап немесе ішінде адам қалып қою жағдайлары тіркелген жағдайда, қызмет көрсетуші мекемелер жедел әрекет етіп, мәселелерді уақтылы шешуге міндеттелген.
Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын басты назарда ұстап отыр.
Сондай-ақ Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері және басқа да ұйымдардың қатысуымен қала тұрғындарына газбен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Жыл басынан бері үгіт-насихат жұмыстары аясында 42 көшпелі жиын, 54 мақала мен брифинг, 19 дөңгелек үстел және 53 500 дана жадынама таратылды. Бұл ақпарат БАҚ және әлеуметтік желілерде тұрақты жариялануда.
Үй ішілік газ құрылғыларына қызмет көрсету мекемелерімен (ВДГО) 109 I-көмек ситуациялық орталығы арқылы интеграция жүргізілді. Тұрғындар осы орталыққа хабарласып, ВДГО қызметтері мен сыни ескертпелер туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, «КазТрансГазАймақ» АҚ арнайы видео роликтер таратуда, ал газ бақылаушылар қауіпсіздік туралы жадынамаларды үй-үйге таратуда.
Газ және газбен жабдықтау қауіпсіздігі бойынша заң талаптарын бұзу фактілері бойынша 2024 жылы 88 адам жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 1 212 822 теңгені құрады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды