jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғын үй-коммуналдық саладағы жаңғырту жұмыстары

20 қараша 2024, 15:55

«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС — қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Аталған компания тұрғын үй — коммуналдық жаңғырту шараларына жауап береді.

Өткен жылы «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не қала бюджетінен қомақты қаржы бөлініп, қала аумағында орналасқан 16 көп қабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп 2023 жылдың екінші жарты жылдығында жалпы мүлік иелеріне пайдалануға берілді.

Биыл күрделі жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 79 көп қабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп және жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сонымен қатар, 1-кезеңде қала аумағындағы 11 көп қабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, бюджеттен қаржы қаралды.

Бүгінде 11 көп қабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкі күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы үйлерден қаржы үнемделген жағдайда тағыда 5 көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Сонымен бірге қалада 13 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның, 6 нысаны 2024 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қалған 7 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады. Екі нысанның жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатыр.
Сондай-ақ қала аумағындағы тозығы жеткен 24 жедел саты бойынша арнайы сараптама өткізіліп, оң қорытындысы алынған. Қазір осы жеделсатыны орнату үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 367 200 теңге қаржы қаралды. Қаржы үнемделген жағдайда тағы 3 көп қабатты тұрғын үйдің 3 жедел сатысын ауыстыру жоспарлануда.

Шымкент қаласында ағымдағы жылы 16 көп қабатты тұрғын үйде 29 жедел саты (лифт) қондырғыларын ауыстыру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 12 тұрғын үйде 22 лифтті жаңарту жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін қосымша 4 көп қабатты үйде 6 жеделсатыны ауыстыру көзделіп отыр. Нұрсат шағын ауданының №128, 132, 135В, 135Б, 135А үйлерінің тұрғындары да өз үйлеріндегі лифттерді ауыстыру қажеттігін айтып өтініш білдірген. Осыған байланысты пәтер иелерімен жиналыс өткізіліп, заңнама талаптары мен күрделі жөндеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Жиналыс қорытындысы бойынша хаттамалар рәсімделді.

Айта кеткен жөн, тұрғын үй заңнамасына сәйкес, ортақ мүлікке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім пәтер және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысында қабылданады. Шешімді қабылдау үшін көпшіліктің қолдауы қажет. Бұл жұмыстар қаланың тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда