Шымкент: Тұран ауданы қарқынды дамып келеді

16 қазан, 15:46

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласы қарқынды дамып келеді. Әсіресе шаһардың Тұран ауданында инфрақұрылым жақсарған. Тұран ауданының аумағы 36 300 гектарды қамтып, мұнда 220,7 мың тұрғын тұрады. 21 шағын ауданнан тұратын аймақта 39 357 жеке үй, 544 көпқабатты тұрғын үй және 597 көше бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы баяндады.

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 95,5 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш 2026 жылы толықтай 100 пайызға жеткізілмек. Табиғи газбен қамту деңгейі де жоғары – 85,7 пайыз ал электрмен қамту 95,2 пайызға жетті. Жоспар бойынша, 2026 жылға қарай табиғи газбен қамту толық жүзеге асырылып, 2025 жылы сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші де 100 пайыз ды құрайды.

Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. Сондай ақ, 2024 жылы 42 көшеде, жалпы ұзындығы 34,8 шақырым жол төселеді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі артты. Қазірдің өзінде 40 көшеге асфальт төселіп, жол сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда.

Биыл Тұран ауданында қоқыс алаңдарын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Аудандағы 54 қоқыс алаңшасына 260 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға арналған контейнерлер орнатылады. Нәтижесінде, аудан аумағындағы қоқыс контейнерлері жаңартылды.

Ағымдағы жылы аулааралық 60 аумаққа 154 жарық шамы орнатылып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, демеушілердің қолдауымен Түркістан шағын ауданындағы Айқап көшесінде балалар ойын алаңшасы, ал Рысқұлбеков көшесінде тренажерлық алаңша орнатылды.

Аманжол Бақытжанұлының айтуынша, жарықтандыру бойынша қосымша 153 көше (оның ішінде 92 көше Басқарма тарапынан және 62 көше ABM Bulding ЖШС арқылы) тізімге енгізілді. Қазіргі уақытта 23 көшеде жұмыстар аяқталды.Тұран ауданындағы 597 көшенің жалпы ұзындығы 697 шақырымды құрайды. Оның ішінде 153 көшеде 114 шақырым ирригациялық жүйе бар. 2024 жылы 48 көшеге 19,2 шақырым ирригация жүйесін орнату жоспарлануда. Бүгінде 11 көшеде жұмыс жүргізілуде, ал 7 көшенің ирригациялық жүйесі толығымен аяқталған.

2024 жылы ауданда 40 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр, оның ішінде 30-ы балалар ойын алаңы, 8-і кешенді алаңша (балалар мен спорт алаңдары) және 2 спорт алаңы. Қазіргі уақытта 2 нысанда жұмыстар жүріп жатыр, 14 нысан пайдалануға берілді, ал қалған 24 нысан бойынша мердігерлер анықталуда.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

23 қазан, 14:34
Президент: Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ мемлекетін құру ісінде шешуші роль атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза