jasqazaq.kz

Шымкент: Тиімді шарттармен үй алуға мүмкіндік бар

05 қараша 2024, 16:22

Шымкент сияқты үлкен мегаполисте тұрғын саны жылдан жылға көбейіп келеді. Олардың көбі баспанаға мұқтаж. Бір тәуірі, тұрғын үй мәселесін оңтайлы шешуге арналған жеңілдетілген бағдарламалар баршылық. Соның бірі — «Qamqor» бағдарламасы.

Еске түсірсек, Шымшаһардың тұрғындарына арналған «Qamqor» жаңа өңірлік бағдарламасына өтінімдер 30 қыркүйекте қабылдана бастады. Бағдарлама 2024 жылдың 28 қарашасына дейін жалғасады.

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аталмыш бағдарламаға қатысу шарттары түсіндірілді. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Төлебаевтың айтуынша, «Qamqor» тұрғын үй бағдарламасы Шымкент қаласының жұмыс істейтін тұрғындарына тиімді шарттармен баспана алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін, қатысушылар ұпай санын келесі күні өздерінің https://otbasybank.kz/ порталындағы жеке кабинеттерінен көре алады. Ең көп ұпай жинаған 400 адам тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болады.

Тұрғын үйді сатып алу үшін әртүрлі нарықтан, яғни алғашқы нарықтан, үлестік құрылысқа қатысу арқылы «ҚТК» кепілдігімен, сондай-ақ қолданыстағы немесе салынып жатқан нысандардан, немесе қайталама нарықтан таңдау жасауға болады.

Бағдарламаға қатысу талаптары мынадай.
• Қатысушының жасы өтінім беру кезінде 63 жастан аспауы тиіс.
• Үміткердің және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда Қазақстан аумағында меншік құқығында тұрғын үйі болмауы қажет. Бұған қоса, бұл кезеңде тұрғын үйді иеліктен шығару фактілері де тіркелмеуі тиіс.
• Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде болуы міндетті.
• Қатысушы таңдаған сала бойынша соңғы 6 айдан кем емес ресми жұмыс өтіліне ие болуы қажет.

Айта кетейік, өткен жылы «Qamqor» бағдарламасының арқасында 150 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді, бұл оның тиімділігін айғақтайды. Бағдарлама қатысушыларына болашақта қолайлы жағдайлар жасау үшін, барлық рәсімдер автоматтандырылып, өтінімдерді өңдеу уақыты қысқартылған.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммникациялар қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті