jasqazaq.kz

Шымкент: Тәжікстандық дәрігерлер тәжірибе алмасты

13 қараша 2024, 17:06

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында шетелмен тәжірибе алмасу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласына Тәжікстан Республикасының денсаулық сақтау саласының өкілдері арнайы келді. Шет елден келген қонақтар Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйым өкілдерімен бірге қаладағы медицина ұйымдары мен мектептердегі егу қабинеттерінің жұмысымен танысып, адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу бойынша тәжірибе жинақтады.
«Бірінші кезекте қазақ елінің жылы қабылдағаны, қонақжайлылығы және бүгін алған біліміміз үшін алғыс айтқым келеді. Иммундау күнтізбесінде жаңа вакциналарды қолдану халық арасында көптеген сұрақтар туғызады және Біз Қазақстанға әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдау және осы вакцинацияны елімізде енгізу үшін келдік. Тәжікістан Республикасы 2025 жылдан бастап адам папилома вирусына қарсы вакцина салынуды қола алады. Біз қазір дайындық үстіндеміз»-дейді Файзали Барот, Тәжікстандағы иммунопрофилактика орталығының бас директоры.
Шымкент қаласында адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жалғасуда. Қалада жоспарланған екпе алуы тиіс жасөспірім қыздардың 50% астамы вакцинамен қамтылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда. Вакцина алғандардың қатырында жағымсыз жағдайлар тіркелмеді.
Адам папилломасын дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес, жалғыз жолы – ванкциналау. Осылай деген мамандар вирусқа қарсы екпені әлемнің 135 елі мақұлдап, қолданысқа енгізгенін айтады. Сондай-ақ аурудың бұл түрінен 3000 ға жуық әйел қайтыс болады. Ал біздің елдегі көрсеткіш көңіл көншітпейді. Тізімде екінші орында тұр. Жылына 1900 адам вирусты жұқтырып, 600-ден астам әйел көз жұмады.
Шымкент қаласы №1 Емханасы бас дәрігерінің орынбасары Дариға Қазақбаеваның айтуынша, қазан айынан бастап 11-12 жас аралығындағы қыздарды адам папилома вирусына қарсы вакциналау басталды.
« Шымкент қаласында бүгінгі күні қыздардың шамамен 50 пайызы егілді. Екпе алғандар арасында жағымсыз жағдайлар жоқ. Бізге тәжірбие алмасу үшін Тәжікстаннан денсаулық сақтау саласының мамандары келді. Олар біздің емхананы көріп оң бағасын берді»,- деді Дариға Қазақбаева.

Тәжікістандық медицина мамандарының қатысуымен өтіп жатқан тәжірибе алмасу жұмыстары дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ҚР Денсауылық сақтау министрлігі, денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Халықаралық деңгейдегі бұл іс-шара қараша айының соңына дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жалғаспақ.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады