jasqazaq.kz

Шымкент: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

17 қазан 2024, 16:13

Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасына қолдау көрсетіп, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар үздіксіз өткізіліп келеді.

Мәселен, осы аптада Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданында тазалық шарасы өткізілді. Оған қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатысты.

Белсенді жас Қайыржан Бөгенбай: «Халқымыз «Тазалық – саулық кепілі» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Шымкент жасыл желекті, гүлге оранған қала. Табиғат Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер біз Шымкентті жасыл қала деген атына лайық етіп, үнемі таза ұстай білсек, бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді», – деп қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.

Сондай-ақ Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінің бойы мен Еламан шағын ауданында экологиялық іс-шара өтті. Шаһардың белсенді жастары, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері мен тұрғындар аталған шағын аудан аумағындағы аулаларды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып шықты.
Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зұлпыхар Жәйшібеков: «Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сол себепті өзімнің сүйікті қаламды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышым деп білемін», – деді.
Абай ауданына қарасты Достық және Асар-2 шағын аудандарында өткен экологиялық іс-шараға аудан тұрғындары, «Жасыл ел» жасақтары мен белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты. Олар Таңшапағы көшесі бойын ретке келтіріп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – тұрғындарды тазалыққа шақыру, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Асар-2 шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхамедәлі Баубеков: «Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді. Сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышымыз. Мұндай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса екен. Жалпы тазалық өзімізден басталады», деді.

Аудан аумағында әр сенбі сайын экологиялық акциясы өткізілуде. Бүгінгі іс-шараға 2 техника, 200-ден астам адам жұмылдырылды. Орталық Таңшапағы көшесінің бойы қоқыстан тазаланып, ретке келтірілді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды