jasqazaq.kz

Шымкент: «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасып жатыр

15 қараша 2024, 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға айналды. Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр.

Бүгін Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Оның ішінде Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданы, Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданында, Қаратау ауданы, Тұран шағынауданының, Әл-Фараби ауданы «Забадам» шағынауданының орталық көшелерінде және Еңбекші ауданындағы 12 шағынауданында ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан тұрғындары тұрғындары, белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты.

Қаратау ауданы аумағында да тазалық іс-шаралары өтіп, Тұран-2 шағынауданының Омбы және №7 көше бойында тазалық жұмыстары атқарылды. Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов бұл жұмыстар тұрақты ұйымдастырылып жатқанын айтты.
«Тұран-2 шағынауданының жаңақұрылыс аумағында көпқабатты үйлер, жеке үйлер салынып жатыр. Өздеріңіз көргендей, жолдың бойында құрылыс және тұрмыстық қатты қалдықтар бар. Бүгінгі акция барысында көше бойын осы қалдықтардан тазартып жатырмыз. Жалпы 100-ден астам жұмысшы және қосымша 9 техника тартылды», – деді аудан әкімінің орынбасары.

«Жасыл жер» мекемесінің қызметкерлері ирригациялық арықтарды, аяқжолдарды ретке келтірді. Сондай-ақ, аудан аумағында бүгін Шаяхметов, Назарбеков көшесінде де санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Абай ауданының Самал-3 шағынауданында тазалық іс-шарасы өтті. Аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, белсенді тұрғындар Б.Момышұлы және Шұбаркөл көшесінің бойында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Көше бойын, ирригациялық жүйелерді қоқыстардан арылтып, шөптерді ору жұмыстары атқарылды. Аудан әкімдігінің қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы Ерғали Әбіловтің айтуынша, бүгінгі іс-шараға жалпы 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.
Аудан әкімдігі ұйымдастырған акцияның мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарды тазалыққа, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру.

Жергілікті тұрғындар, шағынауданның ардагерлер кеңесінің мүшелері де экологиялық акцияға белсенді қатысты. Тазалық жұмыстары одан әрі жалғасын табады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды