jasqazaq.kz

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр

20 қыркүйек 2024, 17:30


Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup day) жыл сайын қыркүйектің үшінші аптасында өтеді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтын ұстануға аудару.
Мемлекет басшысының бастамасымен көктемнен бері іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шара осы айтулы күнмен орайластырылып өткізілді. Атап айтқанда, бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағындағы Қошқар ата өзенінің бойында тазалық шарасы өткізілді.
Үшінші мегаполистің мақтанышына айналған өзеннің жағалауын тазалауға қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері белсене атсалысты.
«Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза, әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы.
Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, Қошқар атаның суы бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді, – деген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.


Сондай-ақ қаладағы Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында орналасқан әуежайдың жаңа терминалының маңында да тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған Шымкент қалалық «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар білек сыбанып қатысты.
Іс-шараға қатысушылар шағын ауданындағы тұрғын үйлердің аулаларын ретке келтіріліп, күл-қоқыс пен қалдықтардан мұнтаздай етіп тазалап шықты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшенов күнделікті өмірде тазалықты сақтау азаматтардың туған жерге, өз қаласына деген жанашырлығының көрсеткіші екенін айтты. Ол қала тұрғындарын, әсіресе, жастарды экологиялық мәдениетті сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды