jasqazaq.kz

Шымкент: Татулық пен бірлікті сақтау — басты құндылық

28 қазан 2024, 14:39

Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері №24 «Алма» бөбекжай-бақшасында ата-аналармен кездесіп, «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында ауқымды сұхбат құрды. Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Салауатты сана» жобасы аясында өткен тәрбиелік жиынға қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, кеңес мүшесі Уралхан Сейілбекова арнайы қатысты.

Кеңес мүшелері ата-аналармен ұрпақ тәрбиесіне қатысты пікір алмасты. Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған арнайы іс-шаралар өтті. Аналар кеңесінің басты мақсаты-ұлт бірлігін сақтай отырып, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды түсіндіру. Жан — жақты қолдау көрсету.
Кездесуде жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу әрбір ата-анаға жүктелген абыройлы әрі мерейлі міндет екені айтылды. Ұрпақ тәрбиесінде ата-аналар институтының айрықша мәнге ие екендігі түсіндіріліп, білім беру ұйымдарының әлеуетімен жас ұрпақ бойына жаман кеселдер туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру – жас буынды жағымсыз әдеттерден ерте бастан іргесін аулақ салуға әсер ететіні баяндалды.
«Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие. Ол экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлеммен қарым-қатынас кезінде көрініс табады. Татулық пен бірлік — қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым»,-деді Гүлжан Сүгірбаева.

Өз кезегінде ұлттық тәрбиені дәріптеу арқылы ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды әрбір тәрбиешісі жақсы меңгергенін жеткізген балабақша меңгерушісі Гүлмира Тойбаева бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасын табатынын жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXIII сессиясының шешімдерін іске асыру бағытында әзірленген «Салауатты сана» жобасының мақсаты –

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында қоғамның әлеуметтік кеселдеріне жүйелі түрде қарсы тұруды көздейді.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы ҚХА баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті