jasqazaq.kz

Шымкент: Спорт пен денсаулық сақтау нысандары салынады

19 қараша 2024, 16:35

Биыл Шымкент қаласында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілді. Әсіресе білім беру, спорт пен денсаулық сақтау саласының нысандарына басымдық берілді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл шаһарда 2 спорт нысаны, олар №12 спорт мектебі және №15 спорт мектебінің құрылысы жүргізілуде. Биыл №12 спорт мектебі аяқтау жоспарланған. №15 спорт мектебінің құрылысы келесі жылы пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, Тұран шағын ауданы 5 га жер учаскісінде көпфункционалды теннис орталығы жобалау-сметалық құжаты дайын. Ал екінші жоба «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» және паралимпияда, сурдолимпияда спорт кешенінің құрылысының жобалау құжаты әзірленуде.
Сондай-ақ қалада абаттандыру нысандары да бой көтеруде. Шымсити шағынауданындағы 1 абаттандыру нысанының (20,4 га) құрылысы аяқталды. Ал, құрылысы 2023 жылы басталған 1 нысан (3,2 га) саябақ құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тұран ш/а Этносаябақ құрылысының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде. Шымкентте әлеуметтік қамтамасыз ету нысандары да тұрғындардың игілігіне бағытталмақ. Қалада 3 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жоспарланған. Ол «№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» қосымша 50 орындық ғимарат құрылысы және күрделі жөндеуден өтетін «№ 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ғимараты, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығы. Нысандардың құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Бұдан басқа, «Мейірім» оңалту орталығы МКҚК-ның 100 орындық ғимаратын салу жобаларының құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар қалада ауылшаруашылығы нысандары да салынуда.
Ақтас шағынауданында 1 ауыл шаруашылығы нысандары және осы нысанды жеткізуші инфрақұрылыммен қамтудың 1 нысанының (ИКИ) құрылысы аяқталды.

Ағымдағы жылы 7 нысанның құрылысы жоспарланған. Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, қалған 6 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, 2 жоба Қайнарбұлақ жедел құтқару кешені мен Таскен, шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығының құжаты дайын. 5 жоба (Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити, Ақжар шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығы) құжаты әзірленуде. Қорғаныс саласының нысандары да салынатын болады. 1 қорғаныс (сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялау) нысанның құрылысы жүрігізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, 1 жобаға ЖСҚ әзірленуде (Шаян ауылында басқару пункті).

Ағымдағы жылы 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жоспарланған. (Абай 2/9 әкімшілік ғимаратқа қосымша ғимарат салу, Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу, Диваев 4 ПД әкімшілік ғимаратын реконструкциялау, Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу).

Оның ішінде, 1 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды (Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу). Ал 2 нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, қалған 1 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды