jasqazaq.kz

Шымкент: «Шымқала кештері» — мәдениет пен өнерді асқақтатқан жоба

11 қараша 2024, 14:13

Шымкент сияқты үлкен мегаполисте тұрғындар мен жан-жақтан келетін қонақтардың көңілін көтеріп, уақытын қызықты өткізу үшін түрлі ойын-сауық шараларын ұйымдастырудың маңызы зор. Осы ескеріп, биылғы шілде айынан бастап Шымшаһарда OPEN AIR форматындағы концерттік шаралар өткізіле бастады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мереке мен қуанышқа айналған шара сегіз мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Олардың ішінде Сайрам тұрғын алабындағы өнерпаздар ордасы да бар. Мұнда «Шымкент концерт» ұжымының өнерпаздары жиналған жұртшылықты көтеріңкі көңіл-күймен қуантты.

Мегаполистің мәдени өмірін жандандыру және тұрғындардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіліп жатқан бұл жоба қаланың шет аудандарын да қамтиды. Әр сенбі сайын өтетін мұндай кештер қала тұрғындарының сүйікті демалысына айналып, мәдениет пен өнерді бағалауға септігін тигізуде. «Шымқала кештері» жобасы арқылы заманауи өнер, музыка, спорт және шығармашылық бір алаңда тоғысып, қаланың мәдени өмірін байытуды мақсат етеді.

Жобаның тағы бір маңызды бағытты көздейді. Бұл – тұрғындардың әлеуметтік байланыстарын нығайту, сондай-ақ отбасылық және достық қарым-қатынасты арттыру. Кештер жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, адамдар арасындағы араласуды да дамытады. Мұндай шаралар тұрғындардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, қаланың мәдениетін жаңа деңгейге көтереді.

«Шымқала кештері» қаланың шалғай аудандарында өтіп, онда шымкенттік шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында «Шымкент — Цирк», «Шымкент концерт» концерттік ұйымы, «Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театры», «Шымкент қалалық орыс драма театры» және «Шымкент қалалық қуыршақ театры» өнерпаздары бар. Бұл мәдени шаралар шымкенттіктерге тек жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қаланың мәдениетінің дамуына да зор үлес қосуда.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?