jasqazaq.kz

Шымкент: «Shymkent Hub — мүмкіндіктер алаңы» атты форум өтті

08 қараша 2024, 10:14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңыздылығын атап өткен болатын. Шымкент қаласындағы Shymkent Hub орталығы бүгінде инновациялық жүйенгі дамытуға арналған бірегей орталыққа айналды. Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, «SHYMKENT IT HUB – МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» атты форум өтті. Форумға IT саласының мамандары, оқушылар және студенттер қатысты.
Цифрландыру басқармасы ұйымдастырған форумының мақсаты — IT саласын насихаттау және Shymkent Hub-тың мүмкіндіктерімен таныстыру. Өңірлік хаб аясында өз жобаларын дамытып жүрген бірқатар компания басшылары технопарктің әлеуеті туралы баяндап берді.
«Қазіргі таңда өздерінің болашағын IT саласымен байланыстырған жастар көп. Осы форумды өткізудегі негізгі мақсат – IT саласын дәріптеу, одан әрі дамыту, жас мамандарға, оның ішінде ақпараттық технологиялар факультетінде оқып жүрген студенттерге өңірлік хабтың мүмкіндіктерімен, қолдау тетіктерімен таныстыру. Цифрландыру – кеңінен дамып келе жатқан сала. Қазір барлық жүйелер автоматтандыруды талап етеді. Өз мүмкіндіктеріңізді одан әрі дамыту үшін осы хаб ашылып отыр. Коворкинг орталықтарының да сіздер үшін есігі әрдайым ашық», – деді Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов
Жиында Шымкент хабтың өңірлік менеджері Тимур Қозыкеев технопарктің басты мақсаты – IT экожүйесін дамыту мен жаңа жобаның жұмыс бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ, IT компаниялардың өкілдері де өздерінің стартап және әлеуетті жобалары жөнінде айтып өтті.
«Shymkent Hub» бүгінде білім беру және инкубациялық бағдарламаларын іске асыруға арналған платформа. Оның аумағында белсенді IT-қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өтуде.
Стартап-жобаларды әзірлеу барысында қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін, инвестицияларды тартуда қолдауды, қаржылық есеп жүргізуді және басқа да қажетті дағдыларды үйренеді.
Айта кетсек, биыл тамыз айында қалада «Shymkent Hub» ашылған еді. Еліміздегі технологиялық кәсіпкерлікті ілгерілетуді көздейтін сала мамандары үшін орталық үлкен мүмкіндік береді. Жаңа бастама өңірлердегі талантты мамандарды қолдап, олардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасайды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда