jasqazaq.kz

Шымкент: Шала туған нәрестеге күрделі ота жасалды

18 қараша 2024, 11:55

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм салмақпен ауыр халде туылған. Күрделі ота барысында сәбидің іш қуысына шыққан кіндік жарығы жойылып, бауырдағы киста сәтті алынды.

Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде неонаталды хирургия саласының ең заманауи әдістерін қолдана отырып, жоғары білікті мамандардың қатысуымен жүргізілді. Қазіргі таңда сәби арнайы медициналық құрылғылардың көмегімен дәрігерлік бақылауда.

«Нәресте ішкі ағза қуысының патологиясымен ауыр халде дүниеге келді. Диагностика жүргізіліп, кіндік жарығы мен үлкен көлемді киста анықталды. Шұғыл ота жасау шешімін қабылдадық. Алдағы уақытта сәби тұрақты бақылауда болады. Мұндай күрделі неонаталды операциялар жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтауға мүмкіндік береді»,- дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің неонаталды ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Бұдықова.

Қалалық перинаталдық орталығында неонаталдық хирургиялық операциялар биылғы жылдан бастап жүргізіле бастады. Осы уақыт аралығында ішкі ағзаларының ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалған.

Жаңа туылған нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапия қызметін көрсететін бөлімшеде неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог және неонатолог-реаниматолог дәрігерлері жұмылдырылған. Перзентханада сондай-ақ асқазан-ішек жолдарына ота жасалған балаларға күтім жасауға ерекше көңіл бөлінген.
Жалпы 17 қараша дүниежүзілік шала туған нәрестелер күні. Неонатологтардың қызметінің арқасында бұл балалардың өмір сүру көрсеткіші артып келеді.

Айта кетейік, Шымкент қалалық перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей дүние есігін ашқан 707 нәресте және 96 егіздер бар. Науқастарға 500-ге жуық маман қызмет көрсетеді.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет