jasqazaq.kz

Шымкент: Шаһар басшысы барлық жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды

26 қыркүйек 2024, 12:53

Күз айларында Шымкент қаласының құрылыс және инфрақұрылым саласында шұғыл шешуді қажет ететін шаруа көп. Ол жұмыстың барлығын қала әкімі өз бақылауында ұстайды. Осы аптада да шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Аралау кезінде Абай ауданы, «Бозарық» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын тексерді. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер ұйымға және тиісті басқарма басшылығына аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар, Тұран ауданындағы Қ.Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта мектеп ғимаратының қазіргі жағдайымен танысты. Биыл мектеп басшылығы ғимараттың техникалық жағдайын талдап, оны «апаттық жағдайда» деп таныған болатын. Әкім тапсырмасы бойынша қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қайтадан тәуелсіз техникалық сараптама жүргізілді. Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, ғимарат апаттық деп танылған жоқ.
Тексеріп, зерделеу барысында білім ордасында кәріз жүйесінде ақаулар анықталды. Осыған орай, салалық басқарма басшыларына нақты тапсырма беріп, қысқа мерзімде бірінші қабатта ағымдағы жөндеу жүргізіп, кәріз жүйесін жаңартуды тапсырды. Барлық жұмыстар аяқталған соң, қазан айынан бастап оқушылар өз мектебінде білімін қайта жалғастыратын болады.

Қала әкімі әрмен қарай Әлімқұлов, Елшібек батыр және Физкультурников көшелерінің тұрғындарымен де кездесті. Азаматтар тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына қатысуға қызығушылық білдірді. Кездесу барысында қатысу шарттары талқыланып, тұрғындардың сұрақтарына толық жауап берілді. Қорытынды бойынша жауапты мамандарға бағдарламаның шарттары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, қала басшысы Безделев көшесінде ескі үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысында болды. Мердігер ұйымға құрылыс сапасына ерекше назар аударып, нысандарды белгіленген мерзімде аяқтау керектігі айтылды.

Ғабит Сыздықбеков «Жұлдыз» тұрғын алабындағы жайлы мектептің құрылыс жұмыстарын және 17-ші шағынаудандағы «Фосфорник» мәдениет үйін сүру мен саябақты кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да бақылады. Сондай-ақ, Жандосов көшесінің Сасбуқаев пен Адырбеков көшесі аралығын жөндеу және Өтегенов көшесін жалғастыру жұмыстарының барысымен танысты. Тиісті басқармаларға орындалған жұмыстың сапасын бақылауды күшейту және барлық нысанды белгіленген кесте бойынша тапсыру міндетін жүктелді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда