jasqazaq.kz

Шымкент: Шаһар басшысы әлем чемпионатының жүлдегерін қабылдады

22 қазан 2024, 14:10

Биылғы қазан айының басында дзюдошы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. 60 кило салмақта белдескен спортшы үшінші орынға таласта ол әзербайжандық Низами Имрановтан басым түсті.

Шымкент қаласында тұратын болашағы зор спортшы — Талғат Орынбасар 2022 жылы Босния-Герцеговинаның Сараево қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 55 кг салмақта қола жүлдегер атанды. Ал өткен жылы Португалияның Одивелаш қаласында болған тағы бір әлем біріншілігінде 60 кило салмақта қола медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар ол — Азия чемпионатының және кубогының жеңімпазы, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Ертеңгі күні халықаралық жарыстарда еліміздің көк байрағын желбірететін осындай дарынды спортшыларға қандай құрмет көрсетілсе де, артық болмайтыны дау тудырмаса керек.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жастар арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Талғат Орынбасар мен оның жаттықтырушысы Самат Сапишевті қабылдады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде шаһар басшысы жергілікті спортшылардың жетістіктері қаламыздағы спортқа құмар жастар үшін де өте маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ балаларды ерте жастан спортқа қызықтырып, жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу қажеттігін айтқан қала басшысы: «Біз үшін өскелең ұрпақтың алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге ұмтылуын қамтамасыз ететін сабақтастықты дамыту және сақтау маңызды», — деп атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі кезде Шымкентте барлық спорт түрі белсенді түрде дамып келеді. Тынымсыз жаттығулардың нәтижесінде Шымшаһардан шыққан спортшылар жақсы жетістіктерге жетіп, қаланың спорт саласындағы беделін арттырып отыр.
Ғабит Сыздықбеков: «Алдағы уақытта өз тарапымыздан спортшыларымызды қолдауды жалғастыра отырып, бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасаймыз. Сонымен қатар қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартатын боламыз» деп, жүлдегер мен оның жаттықтырушысына алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды