jasqazaq.kz

Шымкент: Сегіз айда 66 мың тонна өнім алынды

12 қыркүйек 2024, 13:31

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы ерекше қарқынмен дамып келеді. Биыл 26,5 мың гектар жерге әртүрлі дақылдар егілген. Оның ішінде 10,9 мың гектар дәнді дақылдар үлесінде. 3,1 гектарға көкөніс пен бақша өнімдері, 3 мың гектарға картоп отырғызылған. Бұл мегаполис тұрғындарын өз өнімдерімен қамтуға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков осы саланы дамытумен байланысты біраз мағлұматты ортаға салды.
Оның айтуынша, тамыз айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 32,5 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 103,3%-ды құраған. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін егістік алқаптарынан 86 мың тонна өнім жиналуы тиіс. Қазірдің өзінде 66 мың тонна өнім жиналыпты.

Қысқы маусымға 307 мың тонна мал азығы дайындалды. Бұл белгіленген жоспардың 93 пайызын құрайды.
Жалпы Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласы жылдан-жылға қарқынды дамып, қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді.

Қайрат Базарбековтің айтуынша, биыл егін шаруашылығын дамыту және өнімділікті арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен 911 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қолдау ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар бағыттарға жұмсалады. Айталық, минералды тыңайтқыштар құнын субсидиялауға 122,1 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда шаруашылықтар 560 тонна тыңайтқыш сатып алды. Сондай-ақ жылыжай кешендерінің коммуналдық шығындарын азайтуға 767,8 млн теңге қарастырылған.
Тұқым шаруашылығын дамытуға 20,5 млн теңге бөлінсе, пестицидтер мен биоагенттерге (энтомофагтарға) 600 мың теңге субсидия қарастырылған.

Ао көктемгі егіс жұмыстарын жанар-жағармаймен қамту жағына келсек, 35,9 тонна дизель отыны толық бөлініп, шаруашылықтарға таратылған.

Қайрат Базарбеков. «Күзгі егін жинау жұмыстары үшін 104,5 тонна дизель отыны бөлініп, оны тарату міндеті «Ұлы Орда 01» ЖШС-на жүктелді. Бүгінгі таңда шаруашылықтарға дизель отынын тарату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оны босату бағасы литріне 250 теңге болып бекітілді», — дейді.

Мал шаруашылығы саласында да жетістіктер бар. Қалада 109,4 мың бас ірі қара мал, 133,5 мың ұсақ мал, 20 мың жылқы және 1 071,9 мың құс тіркелген. Осы жылы қалада 5,1 мың тонна ет, 41,1 мың тонна сүт және 100,2 млн дана жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығын қолдау мақсатында 420,8 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осылайша мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қаладағы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнімділігі артып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі күшейіп келеді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда