jasqazaq.kz

Шымкент: Полиция мамандары жастармен кездесті

15 қазан 2024, 15:48

Шымкент қаласы полиция департаменті мен қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мирас университетінің студенттері арасында суицид, лудоманияның зияндылығы және интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында “Ел ертеңі – жастар” тақырыбында психологиялық кездесу өтті, деп мәлімдеді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлім бастығы, полиция подполковнигі Шыңғыс Жайлаубек, Полиция департаментінің Киберқылмыс тобының жетекшісі, полиция капитаны, криминалист маман Наталья Байко, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының психологы Жібек Мұратқызы өз салалары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барысында психолог мамандар сенімсіздік, қорқақтық, жалқаулық, сенгіштік және күмәншілдік сияқты тұлғалық ерекшеліктердің проблемалық тұстарын талқылап, олардың алдын алу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау дағдыларының жеткіліксіздігі, адамдармен тіл табыса алмау және тұйықтық сияқты қарым-қатынасқа байланысты мәселелер көтерілді. Оқу және еңбек іс-әрекетіне қатысты сәтсіздікке бой алдыру және ерік-жігердің жетіспеуі сынды қиындықтар да назардан тыс қалмады.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес қалалық полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері №89, 90 және 135 мектептерінің «Жас сақшы» сынып оқушыларына «Маман-криминалист» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Аталған іс-шара оқушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға және криминалист мамандығы туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған маңызды бастама болып табылады. Ашық сабақ барысында оқушыларға қылмыс орнынан дәлелдерді дұрыс жинау, зерттеу әдістері, және ғылыми құралдарды қолдану арқылы қылмыстарды ашу жолдары түсіндірілді.
Оқушыларға командамен жұмыс істеу, видеофильмдерден алынған сюжет фрагменттері бойынша оқиға болған жерді тексеру тактикасын әзірлеу сияқты қиын жағдай қойылды. Оқушылар оқиға орнын сауатты тексеріп, оқиға болған жерді тексеру хаттамасын жасап, белгілі оқиғаларға қатысты өз ұстанымдарын жасады. Мұндай шаралар болашақта құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге қызығушылық танытатын жас буынды дайындауға үлкен үлес қосады және олардың қылмыспен күресте құқықтық сауаттылығын арттырады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті