jasqazaq.kz

Шымкент: Полиция департаменті мен жастар бірікті

09 қазан 2024, 12:53

Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент медициналық колледж жастарының қатысуымен «Құқықтық сауаттылықты арттыру” және “Лудомания — қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, шараның негізгі мақсаты — жастар арасында лудоманияның зиянды салдарын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Кездесуге Шымкент қаласының полиция департаментінің Киберпол бөлімінің аға тергеушісі, полиция капитаны Бақдәулет Бақтияров, Киберпол бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Жанарыс Жандосұлы және Жастар ресурстық орталығының психолог маманы, психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу бөлімінің маманы Жібек Сайдахан қатысты.
Кездесу барысында мамандар лудоманияның қоғамға тигізетін зияны, жастардың құмар ойындарға тәуелділік мәселелері және олардың құқықтық сауаты туралы кең көлемде әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, жастарға психологиялық көмек көрсету жолдары, күйзеліспен күресу тәсілдері және жас отбасыларға арналған кеңестер ұсынылды.


Сонымен қатар жастар ресурстық орталығы және Шымкент қаласы Полиция департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен «STOP:Есірткіге жол жоқ» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы мәдениет қалыптастыру және қоғамды заңсыз жарнамалардан тазарту арқылы қауіпсіздікті нығайту.
Шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қарбеков Рашидова, Терешкова және Әбдіразақова көшелеріндегі ғимараттар сыртындағы есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз жарнамаларды өшіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында, сондай-ақ білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мүдделі сала өкілдерімен бірлесіп М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері арасында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуде сала мамандары жастар арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіріп, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, студенттерімен кері байланыс орнатылды.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды