jasqazaq.kz

Шымкент: Перзентханада алғаш рет жаңа әдіспен ота жасалды

26 қыркүйек 2024, 16:27

Шымкент қаласындағы №2 аурухана күрделі ота жасаудан тайсақтамай, сырқат жандарды сауықтырып шығуымен аты шыққан. Мұндағы дәрігерлер білімін үздіксіз жетілдіріп, тың әдістерді тәжірибеге енгізіп отырады.

Енді Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентханасында алғаш рет жаңа әдіспен ота сәтті жасалды. Мәскеу қаласында тәжірибе алмасып келген акушер-гинеколог дәрігерлер осы әдісті тәжірибеге енгізіпті.
Бұрын жатырда плацентаның аномальды орналасуы кезінде операциялар өте күрделі болатын. Науқастардың 4-5 литрге дейін қан жоғалтуы жиі кездесетін, ал жаңа әдіс арқылы бұл көрсеткіш 800 мл-ден аспайды немесе одан да аз болуы мүмкін. Бұл әйел ағзасы үшін өте маңызды, себебі қан жоғалту әйелдің жағдайын ауырлататын ең басты факторлардың бірі.

Сонымен қатар, бұрынғы әдіс кезінде жатырдың толық ампутациясы жиі жасалатын. Бұл әйелдерге психологиялық және физикалық тұрғыдан кері әсер ететін. Енді жаңа әдіс арқылы жатырды сақтап қалуға болады, бұл болашақта әйелдің ана болу мүмкіндігін де сақтайды.
Операция уақыты едәуір қысқарды, бұл науқастың анестезияда аз уақыт болуын және отадан кейін тезірек қалпына келуін қамтамасыз етеді. Бұрынғы әдістерде баланың гипоксияға ұшырауы мүмкін болса, енді бұл тәуекел де айтарлықтай азайды. Соның нәтижесінде, дені сау, жетілген сәби дүниеге келеді.

Сондай-ақ қан құю да оңайға соқпайтын. Осыған дейін әйелге көп мөлшерде қан құю қажет болса, енді бұл операцияда бір дозасы жеткілікті. Бұл да науқастың тез сауығуына ықпал етеді.
Операциядан кейін әйел реанимация бөлімінде 7-8 күнге дейін жатып, баласын емізе алмай қиналатын. Өмір мен өлімнің арасында жатқан пациент үшін бұл кезең өте ауыр болатын. Ал жаңа әдіс бойынша отадан кейін әйел 3-4 сағат ішінде реанимациядан шығып, баласын бірден емізе алады. Бұл ана мен баланың қарым-қатынасын да жақсартып, олардың тез сауығуына септігін тигізеді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды