jasqazaq.kz

Шымкент: Олжас Бектенов Президент Жолдауын іске асыру шараларымен танысты

13 қыркүйек 2024, 14:54

Бүгін Үкімет басшысы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барып, шаһардың бүгінгі даму барысымен және Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шараларымен танысты.
«Оңтүстік» индустриалдық аймағы аумағына барған Үкімет басшысы сусындарға арналған алюминий қалбырлар мен қақпақтар шығаратын QazAlPack кәсіпорнында болды. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 1,2 млрд дана банка шығаруға мүмкіндік береді. Мұнда 360 адам жұмыс істейді.
QazAllPack ЖШС директоры Рустам Сухов автоматтандырылған өндіріс процесін таныстырып, қаптаманың бұл түрі өзінің тұтынушылық қасиеттері бойынша ең прогрессивті әрі экологиялық таза екенін айтып өтті. Мемлекеттік қолдау шаралары мен индустриалдық аумақта құрылған қолайлы жағдайлардың арқасында компания келесі жылға қарай екінші өндірістік желіні іске қосып, өнім көлемін 2,3 млрд банкаға дейін арттыру жоспарланған.
«QazAllPack» ЖШС бас инженері Данияр Жүніс: «Жоба заттай грант түрінде дайын инфрақұрылымы бар жер учаскесін беретін мемлекеттік қолдау бойынша іске асырылды. Өнімнің шамамен 40 пайызы Өзбекстан мен Қырғызстанға және Ресейге экспортталады. 60 пайызы ішкі нарыққа жеткізіледі. «QazAllPack» – минутына 3,5 мыңнан астам өнім шығаратын желісі бар жоғары технологиялы, жоғары жылдамдығы бар өндіріс. Сондай-ақ, бұл жас мамандар білім алып, өңірдің келешегі үшін озық технологиялар мен жаңа мамандықтарды игеріп жатқан орталық саналады», — деді.


Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов шаһардың жалпы өнеркәсіп негізін жалпы ауданы 1 276 гектар 7 өнеркәсіп аймағы құрайтынын, онда бүгінде 293 жоба іске асырылғанын, 8,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын баяндады. Оның айтуынша, «Оңтүстік» инвестициялық портфеліне жалпы құны 151,3 млрд теңгені құрайтын 70 жоба кіреді.
Үкімет басшысы сондай-ақ «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауытында түрлі отын түрлерін өндірудің технологиялық тізбегімен танысты. Отандық мұнай өңдеу саласында өзіндік орны бар бұл кәсіпорын жылына 6 млн тонна мұнай өңдейді. Шығарылатын өнім түрлерінің қатарына автомобиль бензиндері, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған көмірсутек газы, мазут және басқа да мұнай өнімдері жатады.
Премьер-Министрге Шымкент мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) өндірістік қуатын жылына 12 млн тонна қайта өңделген мұнайға дейін ұлғайту жобасының басталғаны туралы баяндалды. Олжас Бектенов жанар-жағармай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті. Шымкент қаласы және мұнай өңдеу зауыты басшылығының назары қайта өңдеу сапасын одан әрі жақсартуға, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағыны мен «сұр экспортына» жол бермеуге аударылды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Үкімет басшысының баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды