jasqazaq.kz

Шымкент: Мұхтар Шахановпен шығармашылық кездесу өтті

16 қазан 2024, 14:29

Қазақстанның халық жазушысы, ғасыр тұлғасы Мұхтар Шаханов Шымкенттік жастармен кездесті. Шығармашылық кеш М.Әуезов атындағы ОҚУ -де өтті, деп мәлімдеді Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шарада ақынның өлеңдері оқылып, жиналған жұрт драматург жайында біраз ақпар білді. Басқосуда сөз сөйлеп, ақ батасын берген Шаханов жастардың сұрақтарына жауап беріп, түрлі кеңестермен бөлісті. Егеменді еліміздің, жалпы қарға тамырлы қазақ қоғамына еңбегі сіңген азамат азаттықтың мәніне кеңінен тоқталып, ақындық жолдың ауыр екенін еске салды. Сондықтан, ақын деген атқа лайық болу, оны қорғау керектігі айтылды.
Қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма деген студенттің сауалына, Мұхтар аға әдемі жауап берді. Ол өз сөзінде жастар әр қилы. Бірақ шындық биігінен көрінуді мақсат тұтпаған адамды мен еркек деп, әйелді әйел деп есептемеймін. Себебі адамдар тек шындық жерде ғана бақытты өмір сүреді. Ал, бүгінгі жастар сол биікте көрінсе деймін,-деді ақын.

Университеттің Басқарма Төрағасы-ректордың м.у.а. Ғани Бесбаев ақынның өмір және шығармашылық жолына тоқталып: «Бұл күн – тарихи күні. Жастар сіздер халқымыздың ардақтысымен кездесу сәті бұйырып, жүздесу, сұхбаттасу бақытына ие болдыңыздар. Тағылымды кештің берері көп» деді.
Әуезов университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен Мұхтар Шахановқа оқу ордасының «Құрметті профессоры» атағы берілді.
Шығармашылық кеште Әуезов жастары бірінен соңы бірі ақынға деген жалындаған арнау жырларын төкті, ұлтжандылыққа, ар-намысқа үндейтін өлеңдері мен поэмаларын жан тебірене оқыды. Мұхтар атамыз жауқазын буынның қазақ әдебиетіне, өз жырларына деген шексіз махабатына ризашылығын білдіріп, «Өлең құрау» өлеңін оқып берді.

Кеш соңында студент-жастар отты ақынға сұрақ қойып, ақыл-кеңесін сұрады, ақ батасын алып, кітабына қолтаңба алды. Сексеннің сеңгіріне шыққан Мұхтар ақын 14 жастан бастап үзбей намаз оқыған екен. Ол күні бүгінге дейін ешкімге айтылмаған осы сырымен бөлісіп, жастарды елінің жанашыры болуға, адал жолмен жүріп, шыншыл болыңдар деген тәрбиелік мәні зор ақылымен бөлісті.

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек. Шахановтың шығармашылық кеші бұл жолы ерекше өтті, жастар жағынан оқылған жырлар толастамады, қатысушылар «Арыс жағасында» әнін қосыла шырқады. Бұл сәт ақынның көзіне жас толтырды.
Ұлт руханиятының рухты тұлғасының шығармашылығымен сусындаған кештің жастарға берер тәрбиесі орасан, тағылымы мол болды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті