jasqazaq.kz

Шымкент: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мақсаты айқын

03 қазан 2024, 16:16

Биыл Шымкент қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны артты. Қала бойынша барлығы 577 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде – 505 бірлік жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. Мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған барлық бала саны – 77 764, оның ішінде жеке мектепке дейінгі ұйымда – 50 782 бала. 3-6 жастағы балаларды қамту – 100%, 1-6 жас – 88,6%. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың есебінен ұлғаюда, деп хабарлайды Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

2018 жылы 1653 орынға 14 жекеменшік балабақша ашылған, ал 2019 жылы 1769 орынға 24 жекеменшік балабақшалар ашылды. 2021 жыл басынан 2700 орынға 30 жекеменшік балабақшалар ашылды. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға 1-6 жастағы 9974 бала кезекке тіркелген. Балаларды кезекке қою мен жолдамаларды беру автоматтандырылған. Бұл осы шараның айқындығына, жемқорлық қауіптерін болдырмауға, бәсекелестік ортасын құруға және кезектілікті азайтуға ықпал етті.

Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиеваның айтуынша, балаларды қауіпсіз болуына жағдай жасау, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мектепке дейінгі ұйымдардың басты міндеттерінің бірі.

«Мектепке дейін білім беретін ұйымның жұмысы әр балаға сапалы білім беру. Сонымен қатар балалар қауіпсіздігіне жағдай жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда бейнебақылау камералары жатын және ойын бөлмелерінде, дәліздерде орнатылған. Шымкенттегі 71 мемлекеттік балабақшада 1442 бейнекамера жатын және ойын бөлмелерінде, дәліздерде орнатылған. Сондай-ақ мемлекеттік балабақшаларға толығымен бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде»,-деді Білім басқармасының басшысы.

2022 жылы 3 457 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. 2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізу үшін 697,2 млн теңге қаржы қаралды.
2022 жылы жоспарланған 28 балабақшаның 1727 орынға 24 балабақша ашылды (2 480 орынға).

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрлары Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 5718 педагог қызметкерлер жұмыс атқаруда. Оның ішінде, мемлекеттік мекемелерде 2303, жекеменшік мекемелерде 3415 педагог. Мектепке дейінгі мекемелердегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша 2022 жылы Педагогикалық шеберлік орталығында және «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» базасында 625 педагог біліктіліктерін жетілдірді.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы білім басқармасы

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды