jasqazaq.kz

Шымкент: Мектеп көшбасшыларының «Әрекет уақыты» қалалық құрылтайы өтті

14 қазан 2024, 14:31

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты №1 Оқушылар сарайында мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының «Әрекет уақыты» қалалық балалар Құрылтайы өтті. Құрылтайға 200-ге жуық мектеп парламентінің көшбасшылары қатысты, деп мәлімдеді Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Құрылтайдың мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын – мектеп парламенттерін дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
Құрылтай өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді.

Құрылтайға оқушылардың жан-жақты дамуына мотивация беретін кеңестерімен, тәжірибелерімен бөлісу мақсатында жас қоғам белсенділері Жүсіп Нұрмұхаммед — Марафоншы, «Sportnation» спорт дүкенінің басқарушысы, Жасмин Әшімова — Шымкент қалалық волонтерлар корпусының президенті, Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аненттігінің еріктісі, «TULGA GROUP» пияр агенттігінің негізін қалаушы, қоғам белсендісі, Данара Саранова – «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті, Құндыз Тұрлан – Киноиндустрия өкілі, сценарист, актриса арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Құрылтайда «Біз, Қазақстанның заманауи ұрпағымыз, елімізді батылдықпен, жасампаздықпен асқақтатуға дайынбыз!» – деген ұранмен, №66 мектеп көшбасшысы Исламбек Кежебеков «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар». №133 мектеп президенті Балым Сейдұрасылова «Табысқа апаратын жол: әрекет уақыты!», №7 мектептің көшбасшысы Ертұлға Мәркәрім «Өзіңізді қалай басқаруға және командаңызды шабыттандыруға болады?», №9 мектеп көшбасшылары Дариға Қайырбек пен Жания Құлбек «Экологиялық START UP жобалары және мектептегі кәсіпкерлік», №84 мектеп президенті Маржан Өмірбек «Жас көшбасшыларды дамытудағы тәлімгерлік пен менторлықтың рөлі», №75 мектеп президенті Шадиана Ұтабаева және №106 мектеп президенті Руслан Жүрсінбек «Эмпатияны, өзін-өзі бағалауды және өзіне деген сенімділікті дамыту» тақырыптарында өз жұмыстарын қорғап, тәжірибелерімен бөлісті.

Құрылтайда Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының “New Stars” вокалды тобы “Қазақпын” әнімен, №133 мектептің парламент көшбасшылары М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен, «Айгөлек» би тобы, «Алтын ғасыр» тобы «Шымкентім менің», «Қазақстан» әндерімен өз өнерлерін көрсетті.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Білім басқармасы

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды