jasqazaq.kz

Шымкент: «Мақсатты мектептер» жобасы талқыланды

22 қазан 2024, 16:14

Еліміздің Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалы директоры, білім басқармасының басшылығы мен қызметкерлері бас қосты. Шымкент қаласы Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну мақсатында жиналыс өтті.

Жиналыс барысында Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсынды.

«Әлемдік білім кеңістігіндегі оқушыларымыздың жетістіктері мен білім сапасындағы көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтау, жоғары деңгейге көтеру бойынша биыл елімізде «Мақсатты мектеп» немесе «Еліміздегі 943 нысаналы мектеп» жобасы іске асырылуда. Бүгінде әдіскерлердің және педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және білім саласында жаңа идеяны іске асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік кеңістік құру зор маңызға ие болып отыр»,-деді Қаныбек Жұмашев.

Педагогтар қауымына сапалы қолдау көрсету үшін әдістемелік қызметті жаңғырту және жүйелеу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты әдіскерлердің кәсіби құзыретін, әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Сонымен қатар, мүдделі ұйым басшылары «Орта білім беру сапасын арттыру мәселелері туралы», «Еліміздің мақсатты мектептерін дамытудың кешенді тәсілі: қажеттіліктерді талдаудан атаулы қолдауға дейін» және «Педагогтерді біліктілік арттыру курстарынан өткізу жағдайы туралы» тақырыптарында баяндама жасады.

Баяндамада сапаны қамтамасыз ету принциптері мен әдістері, мониторинг және бағалауды ұйымдастыру шеңберінде сапаны қамтамасыз ету қадамдары туралы әдістемелік ұсынымдар берді. Табысты оқу мен оқытудың алғышарттары мен инновациялық тәсілдердің түрлері талқыланды. Сонымен қатар оқушылар мен ата-аналар үшін мақсатты мектептер ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану тұрғысынан сауалнамалар әзірленді, сауалнама алдағы уақытта онлайн-режимде жүргізілетін болады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды