jasqazaq.kz

Шымкент: Көше атауларын өзгерту мәселесі шешімін тапты

05 қараша 2024, 12:17

 

Шымкент қаласында ең маңызды мәселелердің бірі- қала көшелеріне атау беру. Шаһар әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтіп, оған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Кезектен тыс сессияда Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, атаулардың транскрипциясын өзгерту туралы мәселесі талқыға түсті. Жалпы, көшелерге атау беру бойынша тұрғындар тарапынан көптеген өтініштер түсіп тұратын. Кезектен тыс сессия барысында тұрғындардың өтініші бойынша маңызды шешім депутаттар тарапынан бірауыздан қабылданды.

Нақтырақ айтсақ, күн тәртібінде республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының бірлескен оң қорытындысын беру мәселесі қаралды. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев мәлім еткендей, барлығы 283 көшеге атау беру, атауы қайталанатын 82 көше, идеологиялық тұрғыдан ескірген 6 көшені қайта атау, 6 шағынауданға және 1 аллеяға атау беру, 1 саяжайды қайта атау, 6 көшенің атауының транскрипциясын өзгерту мәселесі ұсынылды.

Ал көшелерге атау беру мәселесі AMANAT партиясының фракциясында, бірлескен комиссияда, мәслихат сессиясында мақұлданып, әрі қарай республикалық комиссияға жолданған болатын. Республикалық ономастикалық комиссия ұсынылған барлық көшені бекітті.

«Жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметін шақырған кезде бірқатар қиындықтар туындайтын еді. Тиісті ұсынымға сәйкес, әр көше зерделеніп, жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл ретте өзен-су, дәстүрлі атауларға мән берілді. Қолдағандарыңызға рақмет», – деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Сондай-ақ, шаһар басшысы жылыту маусымы басталғалы әкімдік тарапынан барлық міндеттемелер орындалғанын, әрі қарай Мүлік иелері бірлестігі (МҮБ) жұмыс істеуі қажет екенін мәлімдеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды