jasqazaq.kz

Шымкент: Көлік инфрақұрылымы дамиды

15 қазан 2024, 10:49

Шымкент қаласында жолаушыларды тасымалдау қызметі тұрақты дамуда. Бүгінгі таңда 80 бағытта күнделікті 947 автобус жолаушыларды тасымалдайды. Бұл маршруттарға 11 көлік компаниясы қызмет көрсетуде. Қала бойынша автобустардың жалпы саны 1150-ге жетті: 44 автобус 3 жылға дейін, 1090 автобус 5 жылға дейінгі мерзімде жұмыс істесе, 7 жылдан асқан көліктер саны – 16. Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қалалық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.
Қоғамдық көліктердің барлығы GPS трекерлерімен жабдықталған, бұл қызметтің сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Автопарктің 615 автобусы сығымдалған газ-метанды қолданса, 535 автобус дизель отынымен жұмыс істейді. Қаладағы көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында екі газ толтыру станциясы қызмет көрсетіп отыр, ал жыл соңына дейін «Shymkent Bus» автопаркінде үшінші газ станциясы іске қосылмақ. Бұл жаңа станция қаладағы газбен қамту мәселесін түбегейлі шешеді деп күтілуде.
Басқарма басшысының айтуынша, әлеуметтік маңызы бар маршруттар да назардан тыс қалмаған. Ол: « 77 бағыт әлеуметтік санатқа кіріп, жергілікті бюджеттен 33,2 млрд теңге субсидия бөлінді. Сонымен қатар, биыл тасымалдаушы компаниялар өз автопаркін жаңартуды жалғастырды: 19 жаңа автобус сатып алынды, ал «Shymkent Bus» 200 жаңа автобус алуға «Өндірістік даму қоры» АҚ-нан мақұлдау алды. Жыл соңына дейін кезең-кезеңімен 100 автобус жеткізіледі деп жоспарлануда», -деді.
Сонымен қатар Шымкент қаласының қоғамдық көлік қызметін дамыту мен тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Енді тасымалдаушыларға қойылған талаптарды бұзған жағдайда айыппұл мөлшері 1,5%-дан 3%-ға дейін ұлғайды. Автобустардың аялдамаға тоқтамауы немесе кестеден 15 минутқа кешігуі/ерте келуі автоматтандырылған жүйе арқылы бақылауда. Жыл басынан бері бұл шаралар қала бюджетіне 424,5 млн теңге үнемделуіне септігін тигізді.
Қала тұрғындарының сұранысына байланысты жаңа маршруттар ашылды. «Тұран», «ШымСити», «Нұртас», «Ақжайық» шағын аудандары арқылы өтетін №3 айналма маршрут пен «Оңтүстік» шағын ауданындағы №4 маршрут іске қосылды. Сонымен қатар, 22 маршруттың қозғалыс сызбалары өзгертіліп, жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 17 маршруттың қозғалыс кестесі кеңейтілді. 9 маршруттың жұмыс уақыты түнгі 23:00-ге дейін ұзартылып, тұрғындардың түнгі уақытта қала ішінде қолайлы жүріп-тұруы қамтамасыз етілді.
Бұл шаралар Шымкент тұрғындарына қоғамдық көліктегі қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлің коммуникациялар қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда