jasqazaq.kz

Шымкент: «Көк тудың желбірегені» патриоттық форумы өтті

22 қазан 2024, 12:57

2022 жылы маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын. «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде үшінші рет аталып өтеді. Мереке қарсаңында Шымкент қаласында мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге арналған «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысып, мемлекеттік рәміздер ұлықталды.

Форумның ашылуында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек рәміздерге деген құрмет егемендіктің белгісі екенін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Қасиетті Отанға, туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілік оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін қасиетті нышандар. Оларды қадірлеу – біздің азаматтық борышымыз», – деді.

Шараны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасы мен «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Мемлекеттік Әнұранмен басталған форумда мемлекеттік рәміздерге арналған көрме өткізілді. Қала әкімінің орынбасары мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтіп, олардың ел тарихының, мәдениетінің және руханиятының көрінісі екенін жеткізді.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Алтеев те сөз сөйлеп, жастарға мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті туралы ой қозғады. Ол: «Еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы – Республика күні баршамыз үшін маңызды. Әрбір қазақстандық Отанымыздың өркендеуі үшін өз үлесін қосуы керек. Бұл мерекеде жастардың патриоттық сезімдерінің артқаны көрініп тұр», – деп патриоттық тәрбиенің маңызды екенін айтты.
Форум барысында мемлекеттік рәміздерге арналған шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. «Үздік іс-шара» номинациясы бойынша бас жүлдені — Төлеген Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Мектеп оқушылары әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған бейнеролик дайындап, жобаға зор үлес қосты.

Форумның соңында Шымкент опера және балет театры мен «Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары мерекелік концерт қойып, форумды ерекше көңіл-күймен аяқтады.

Республика күніне арналған бұл шара жастардың патриоттық сезімдерін нығайтып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда